«Қарағанды ғылыми-зерттеу ветеринариялық стансасы» ЖШС «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» филиалының ғылыми қызметкерлері 2021-2023 жылдарға арналған

«Қарағанды ғылыми-зерттеу ветеринариялық стансасы» ЖШС «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» филиалының ғылыми қызметкерлері 2021-2023 жылдарға арналған «Ел аумағында аса қауіпті аурулар бойынша эпизоотикалық сипаттамаларын зерттеу және олардың тиімділігін арттыру бойынша ветеринариялық санитарлық шараларды әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы, 267 «білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2023 жылғы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында 20.04.2023ж. Ұлытауоблысы Ұлытау ауданының ветеринариялық инспекция және «Ұлытау аудандық ветеринариялық стансасы»-ның ветеринариялық мамандар арасында:

– «Жараспаев» шаруа қожалығында ірі қара малдың туберкулез ауруына аллергиялық зерттеу тәжірибелік семинар;

– «Ұлытау ауданы бойынша эпизоотиялық бірліктерді анықтау»;

– «Ірі қара малдың нодулярлы дерматиты, инфекциялық ринотрахеит, пастереллезі, туберкулезінің мониторингы бойынша, яғни биологиялық және патологиялық сынамаларды алу тәртібі, жолдама құжаттарды рәсімдеу» бойынша семинар және тәжірибелік семинар жүргізілді.