«Қарағанды ғылыми-зерттеу ветеринариялық стансасы» ЖШС «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» филиалының ғылыми қызметкерлері 2021-2023 жылдарға арналған

«Қарағанды ғылыми-зерттеу ветеринариялық стансасы» ЖШС «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» филиалының ғылыми қызметкерлері 2021-2023 жылдарға арналған «Ел аумағында аса қауіпті аурулар бойынша эпизоотикалық сипаттамаларын зерттеу және олардың тиімділігін арттыру бойынша ветеринариялық санитарлық шараларды әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы, 267 «білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2023 жылғы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында 06.04.2023ж. Қарағанды облысы Шет ауданының ветеринариялық инспекция және «Шет аудандық ветеринариялық стансасы»-ның ветеринариялық мамандар арасында:

– «Ата-жұрт» шаруа қожалығында ірі қара малдың туберкулез ауруы бойынша аллергиялық зерттеу, яғни практикалық тәжірибе жүргізілді;

– «Шет ауданы бойынша эпизоотиялық бірліктерді анықтау»;

– «Ірі қара малдың нодулярлы дерматиты, биологиялық және патологиялық сынамаларды алу тәртібі, жолдама құжаттарды рәсімдеу»;

– «Инфекциялық ринотрахеит ауруына  мониторинг жүргізу, биологиялық және патологиялық сынамаларды алу тәртібі, жолдама құжаттарды рәсімдеу»;

– «Ірі қара малдың қарасан  ауруына  мониторинг жүргізу, биологиялық және патологиялық сынамаларды алу тәртібі, жолдама құжаттарды рәсімдеу»;

– «Ірі қара малдың пастереллез  ауруына  мониторинг жүргізу, биологиялық және патологиялық сынамаларды алу тәртібі, жолдама құжаттарды рәсімдеу»;

– «Ірі қара мал мен ұсақ мүйізді малдың аусыл  ауруына  мониторинг жүргізу, биологиялық және патологиялық сынамаларды алу тәртібі, жолдама құжаттарды рәсімдеу»;

–  «Етқоректілердің эхинококкоз және тенидиоз ауруына  мониторинг жүргізу, биологиялық сынамаларды алу тәртібі, жолдама құжаттарды рәсімдеу» туралы семинар және практикалық тәжірибе алмасу жүргізілді.