Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына ҚазҒЗВИ қызметкерлерінің жауабы

Институт ғалымдары Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан
халқына Жолдауын үлкен үмітпен тыңдады. Қазақстан Республикасы
Президентінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларының топтамасында
қазіргісі ерекшеленеді.
Ел болашағына стратегиялық инвестиция салу жөніндегі ұсыныстар
ерекше үн тапты: ұлттық байлықты әділ бөлу және әрбір азаматқа тең
мүмкіндіктер беру; ғылым мен инновацияны тұрақты қаржыландыру, сол
арқылы кадр мәселесін шешу; нарық жағдайына сәйкес келетін жалақының
өсуі; атаулы әлеуметтік көмектің бірыңғай жүйесі; жастарға жан-жақты
қолдау көрсету; түбегейлі жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор»
бағдарламасы; елге шетелден дарынды мамандарды, әсіресе, шығармашылық
пен кәсіпкерлік салаларында табысқа жеткен мамандарды тарту арқылы ең
сұранысқа ие және жоғары білікті кадрлардың тапшылығын азайту.
Жолдаумен танысқан ғалымдар қандай қорытынды жасады?
Барлығымыз саладағы қызметімізді қайта қарап, оның қоғам мен мемлекет
үшін пайдалылығын шынайы бағалауымыз және Жолдаудың орындалуына
өз үлесімізді қосуымыз керек!