Жастар ғылым жолында -2023

2023 жылғы 13 желтоқсанда “Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты” ЖШС–де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай “Жастар ғылым жолында -2023 ” атты жас ғалымдардың ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға ҚазҰАЗУ, БҚПҒЗИ, микробиология және вирусология ҒЗО студенттері, магистранттары, докторанттары, сондай-ақ біздің институттың ғылыми қызметкерлері қатысты.

Презентациялық материалдары бар 18 баяндама ұсынылды және тыңдалды. Үздік жұмыстар 1, 2, 3 орындық дипломдармен және ақшалай ынталандырулармен марапатталды. Жалпы жүлде қоры 300 000 теңгені құрады. Конференцияның әр қатысушысына қатысу сертификаттары табысталды. Жастарымызға ғылыми әлемнің жаңа шыңдарын бағындыруда сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!!