2023 жылғы 7-8 қыркүйекте Алматы қаласында Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының (бұрынғы НИСХИ) 65 жылдығына арналған "Биотехнология және жетістіктер мен даму перспективаларының биологиялық қауіпсіздігі"

2023 жылғы 7-8 қыркүйекте Алматы қаласында Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының (бұрынғы НИСХИ) 65 жылдығына арналған “Биотехнология және жетістіктер мен даму перспективаларының биологиялық қауіпсіздігі” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған конференцияға “ҚазҒЗВИ” ЖШС Бас директоры Касенов Мархабат Мелисбекұлы, ғылыми әзірлемелерді өндіру мен коммерцияландыруды дамыту жөніндегі бас директордың орынбасары Нұрпейсова Айнұр Сұлтанқызы, сондай-ақ институттың жас ғалымдары қатысты. Конференция барысында әлемнің түкпір-түкпірінен (АҚШ, Франция, Филиппин, Ресей, Қырғызстан және т.б.) ғалымдардың баяндамалары ұсынылып, тыңдалды, сондай-ақ 35 жасқа дейінгі жас мамандар арасында үздік баяндамаға конкурс өткізілді. Байқауға “ҚазҒЗВИ” ЖШС жас маманы, вирусология зертханасының меңгерушісі В.В. Кирпиченко қатысты. Ьайқау нәтижелері бойынша Владимир Кирпиченко екінші орынға ие болып, диплом және смартфон түріндегі марапатқа ие болды. БҚПҒЗИ-ын үлкен мерекемен, ал байқау жүлдегерін лайықты марапатымен құттықтаймыз.