
Ағымдағы жылдың 17 қарашасында Түркістан облысы, Отырар ауданы, «Әль-Фараби» атындағы мәдениет үйінде «Ветеринария саласын жетілдіру – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі»
Ағымдағы жылдың 17 қарашасында Түркістан облысы, Отырар ауданы, «Әль-Фараби» атындағы мәдениет үйінде «Ветеринария саласын жетілдіру – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында Оңтүстік өңірлік ветеринариялық семинар-кеңес өткізілді. Аталмыш семинар-кеңесте ҚР “Ветеринария туралы” Заңына енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер жобасы талқыланып, өңірдегі ветеринария саласындағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары қарастырылды. Іс-шараға институт директоры Касенов М.М., бактериология зертханасының меңгерушісі Оспанов Е.К. және бас ғылыми қызметкер Абуталип А.А. қатысты. Семинарда институттың бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Абуталип А.А. “Ауыл шаруашылық жануарларының бруцеллезі және алдын алу шараларын түсіндіру” тақырыбында баяндама жасады. Түркістан облысының ветеринария басқармасы мен “Ветеринария қызметі” ШЖҚ РМК ұйымдастырған семинарда заманауи ветеринариялық жабдықтар мен ветеринариялық препараттардың көрмесі өтті, онда біздің институттың ең үздік жетістіктері мен әзірлемелері көрсетілді.