Институттың эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесі

Институт Қазақстан Республикасы Мал шаруашылығының ветеринариялық қолайлылығын қамтамасыз ету бойынша ғылыми сүйемелдейді.

2020 жылы Қазақстанның ветеринария ғылымы мен практикасы тарихында алғаш рет ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы ауруларын диагностикалау мен алдын алудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, ветеринариялық практикаға сәтті енгізілетін Стратегиялар (құтырумен күресу, аусылдың алдын алу, шошқалардың африкалық обасының алдын алу, эхинококкоздың девастациясы, ұсақ күйіс жануарларының обасы бойынша эпизоотиялық жағдайды бақылау стратегиясы, нодулярлы дерматитпен күресу бойынша); аусыл, бруцеллез, лейкозды бақылаудың Ұлттық бағдарламалары әзірленді.

Институтта халықаралық талаптарға сай келетін ғылыми зерттеулер жүргізілуде, бұл туралы, ҚР аумағының жылқылардың африкалық обасы, шошқалардың классикалық обасы бойынша таза статусын ХЭБ (ДЖДҰ) сертификаттары куәландырады. Қазіргі уақытта ҚР аумағының ұсақ күйіс жануарлары обасынан таза статусын алуға арналған Досье әзірленді. 2023 жылы ХЭБ сайтында африкалық шошқа обасы мен құс тұмауының әл-ауқаты туралы өзін-өзі декларациялау жарияланды.

Алғаш рет “Қазақстан Республикасының аумағындағы сібір жарасының топырақ ошақтарының Кадастры” (2019 ж.) жасалып, шығарылды, ол институт қызметкерлерінің 2016 және 2017 жылдар кезеңінде, ҚР облыстарының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, анықталмаған Сібір жарасы көмінділерін тексеру кезіндегі жұмысының нәтижелері бойынша құрастырылды.  Кадастрға өткен ғасырдың 30-жылдарынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі сібір жарасы көмілген жерлер туралы ақпараттар кіреді.

2025 жылы аяқталатын, ірі қара малдың лейкозы бойынша Орталық Азия елдері үшін ХЭБ (ДЖДҰ) өңірлік референттік зертханасы статусын алу мақсатында, ХЭБ (ДЖДҰ) қамқорлығымен твининг жобасы орындалуда.

Институт базасында Қазақ ҒЗВИ ғалымдары әзірлеген (2018-2021 жж.) технологияларды пысықтау және препараттарды өндіру бойынша ҚР БҒМ “Ғылым қоры” РҒТҚ коммерцияландыру жобалары шеңберінде желілер құрылды. 

Институт қызметкерлері әзірлеген 30-ға жуық препарат, Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының Мемлекеттік тізіміне енгізілді, олар ҚР АШМ тендерлері бойынша, ББ 019 бойынша, республиканың шаруашылық субъектілерімен шаруашылық шарттық негізде сатылады.

Қазақ ҒЗВИ ғылыми, инновациялық және өндірістік қызметінің бағыттары

  1. Ветеринария саласында іргелі (жануарлар аурулары қоздырғыштарының генетикалық құрылымын зерттеу; жануарлар аурулары кезіндегі иммунобиологиялық көрсеткіштерді зерттеу; жануарлардың жұқпалы аурулары қоздырғыштарының генетикалық өзгергіштігін зерттеу; ҚР аумағында айналымда болатын зооноздық инвазиялар қоздырғыштарының молекулалық-генетикалық сипаттамасын анықтау) және қолданбалы зерттеулер (диагностикалық және емдік-профилактикалық препараттарды әзірлеу; эпизоотияға қарсы іс-шаралардың ғылыми негізделген жүйелерін әзірлеу; тағамдық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді әзірлеу) жүргізу.
  2. ҚР аумағында эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз ету үшін ғылыми-негізделген ұсыныстарды әзірлеу мақсатында ветеринариялық практиканың сұраныстарына сай келетін ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау.
  3. Жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайлылықты сақтау үшін жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында гранттық жобаларды орындау.
  4. ХЭБ референттік зертханаларымен, жануарлардың аса қауіпті және аз зерттелген аурулары бойынша жақын және алыс шет елдердің жетекші ғылыми орталықтарымен бірлескен ҒЗЖ.
  5. ҚР аумағында және шекара маңы елдерінде кездесетін жануарлар ауруларының қоздырғыштарын ескере отырып, диагностикалау, алдын алу және емдеу құралдары мен әдістерін әзірлеу.
  6. Жануарлар мен өсімдіктерден алынатын шикізат пен өнімдердің сапасын бағалау және қауіпсіздігін бақылау құралдары мен әдістерін іздеу.
  7. Аса қауіпті және зооантропонозды аурулар кезінде қолданылатын технологияларды пысықтау және биопрепараттар өндіру.
  8. ҚР аумағының әл-ауқатының статусын растайтын ХЭБ сертификатын алу мақсатында, ХЭБ ғылыми комиссиясының қарауына Досье дайындау үшін жануарлардың кейбір аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотологиялық мониторинг жүргізу.
  9. ГАЖ технологияларын қолдана отырып, жануарлардың жұқпалы және инвазиялық ауруларының эпизоотиялық ошақтары (30 ауру) бойынша электрондық ақпараттық базаны енгізу.
  10. Мал шаруашылығы мен ветеринарияның интеграцияланған ақпараттық жүйесін жүргізу жөніндегі, аса қауіпті, зооантропонозды және эмерджентті аурулардың пайда болуы мен таралу қауіптерін болжау, бағалау және басқару жөніндегі, Қазақ ҒЗВИ жанынан құрылған, ақпараттық-талдау бөлімінің материалдары.
  11. Кейбір аса қауіпті инфекциялар бойынша ЖАО жүргізетін эпизоотияға қарсы іс-шаралардың экономикалық тиімділігін талдау.
  12. ҚР аумағында эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз ету үшін Ұлттық бақылау бағдарламаларын, күрес стратегияларын, ұсыныстарды әзірлеу.
  13. Мал экспорты мен импорты кезінде эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз ету және ЕАЭО ветеринариялық сертификаттарын, халықаралық және мемлекетаралық стандарттарды қарау бөлігінде ветеринария саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттардың ғылыми негіздемесі.
  14. Эпизоотиялық ошақты тоқтату мақсатында диагнозды растау және ғылыми негізделген іс-шараларды дайындау арқылы республика аумағында аса қауіпті аурулардың өршуі жағдайлары бойынша жедел және негізделген шешімдер қабылдау үшін бірлескен жұмыстар.
  15. Шаруашылық субъектілерге (фермерлік, шаруа қожалықтары) ауру пайда болған кезде, табында ұзаққа созылған инфекциялар болған кезде, сондай-ақ кейбір аса қауіпті инфекциялар (бруцеллез, лейкоз және т.б.) бойынша шаруашылық субъектілерді сауықтыру әдістеріне қатысты даулы мәселелер туындаған кезде консультациялық, ғылыми-әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
  16. Аккредиттелген зертханалар базасында ветеринариялық дәрігерлерді, эпидемиологтарды, серологтарды, бактериологтар мен вирусологтарды оқыту және эпизоотология, зертханалық диагностика, қолданылатын биопрепараттардың сапасын анықтау саласында ветеринариялық мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру арқылы кадрлар даярлау.
  17. Аса қауіпті инфекцияларды диагностикалау бойынша ветеринариялық зертханалардың біліктілігін тексеру. Қазақ ҒЗВИ 17043-2013 стандарты бойынша біліктілікті тексеру провайдері ретінде аккредиттелген ҚР-дағы жалғыз институт.
  18. 17025-2019 стандарты бойынша ветеринариялық және тағамдық қауіпсіздігі саласында жаңадан аккредиттелетін жеке және мемлекеттік ұйымдармен зертханааралық салыстыру сынақтарын (ЗАСС) жүргізу. ҚазҒЗВИ аккредиттеу саласы 30-дан астам жануарлар ауруларын диагностикалауды және жануарлар мен өсімдік тектес өнімдердің сапасын бағалауды қамтитын ҚР-дағы жалғыз аккредиттелген ұйым.

Алматы, Райымбек даңғылы, 223

+7 (727) 2337271

kaznivialmaty@mail.ru