СОЛОНИЦЫН Михаил Осипович (1903 жылы 16 қараша – 1948 жылы 13 наурыз) – қазақстандық ветеринариялық микробиолог және эпизоотолог, жылқы ауруларын зерттеу зертханасының меңгерушісі (1933-1948 жж.), ветеринария ғылымдарының кандидаты (1941ж.). М.О. Солоницын Вятск губерниясының, Орлов уезінің, Коврижск болысының, Солоницын ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.

1910 жылы Омбы шіркеу-приход мектебіне түсіп, оны 1912 жылы бітіріп, бастауыш білім алды.

1919 жылы тамызда ол ақ армия қатарына казак интенданты бойынша хатшы лауазымына өз еркімен кірді.

1919 жылдың қарашасынан 1920 жылдың сәуіріне дейін Омбы пароходында тәжірибеден өтті, ал 1920 жылдың мамырынан 1920 жылдың қарашасына дейін Омбы Горпродкомда есепші болып жұмыс істеді.

1920 жылдың соңында ол Сибревком № 2 гаражына стажер болып қабылданып, онда ол жүргізушінің көмекшісі ретінде практикалық курстан өтіп, жүргізуші мамандығын алып шықты.

Гараждағы тағылымдамамен қатар бір мезгілде ол Омбы қаласындағы II дәрежелі мектепте оқып, оны 1921 жылы бітірді.

1922 жылы қыркүйекте М.О. Солоницын Сібір ветеринария институтына оқуға түсіп, оны 1927 жылы маусымда бітіріп, ветеринария дәрігері біліктілігі берілді (1927 жылғы 5 қарашадағы № 206 куәлік).

Институтты бітіргеннен кейін біраз уақыт Кеңес – Моңғол шекарасында ветеринария дәрігері болып жұмыс істеді, содан кейін РККА қатарына кіші ветеринария дәрігері лауазымына шақырылды.

РККА-дағы қызметін 1928 жылы Кубань Кавбригадасының 5-ші бөлек 74 кавполкінің аға ветеринария дәрігері болып аяқтады.

Демобилизациядан кейін 1928 жылы желтоқсанда Қазақстанға барып, Макинск мал айдау пунктінің ветеринария дәрігері қызметіне кірісті, содан кейін 1930 жылы Петропавл қаласына ОкрЗу эпизоотиялық дәрігері болып ауыстырылды.

1930 жылдың соңында Қазақстанда округтер таратылды. Оларды жою бойынша КСРО Наркомзем рұқсатымен М.О. Солоницын Сібір ветеринария институтына келіп, 1931 жыл бойы жалпы және жеке хирургия кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді.

1932 жылы қаңтарда Казнаркомземнің шақыруымен М.О. Солоницын Ветеринариялық басқарманың аға эпизоотиялық дәрігері лауазымына қабылданды, ал 1933 жылы қыркүйекте штаттарды нығайту тәртібімен ҚазҒЗВИге ауыстырылды, оған жылқы ауруларын зерттеу зертханасын ұйымдастыру тапсырылды.

1935 жылы ақпанда М.О. Солоницын “Қазақстандағы кеңестік ветеринарияға 15 жыл” атты мақаласының қолжазбасын ” Прикаспийская правда” газетінде, Батыс Қазақстан обкомның ВКП (б), облыстық атқару комитетінің (облисполком), облыстық кәсіподақ кеңесінің, Орал қалалық комитетінің ВКП (б) және қалалық кеңестің органында жариялау үшін дайындады.

1935 жылы М.О. Солоницын бірнеше рет КАССР НКЗ ветеринария басқармасын уақытша басқарды.

1940 жылға қарай М.О. Солоницын өзінің «Получение свободных от сапа жеребят, родившихся от сапных хроников» атты кандидаттық диссертациясының тақырыбын бекітті.

1940 жылдан бастап ҚазКСР НКЗ мал шаруашылығы бойынша ғылыми-техникалық кеңестің мүшесі болып тағайындалды.

1941 жылы 27 ақпанда ВИЭВ Ғылыми кеңесінің отырысында М.О. Солоницын «Выращивание жеребят, рожденных лошадьми-маллеинщиками» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап, оған ветеринария ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

1943 жылы 24 сәуірде КСРО СНК жанындағы Жоғары Мектеп істері жөніндегі Бүкілодақтық комитеттің ЖАК қаулысымен (§84, № 8 хаттама) М.О. Солоницын “эпизоотология”мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер ғылыми атағында бекітілді.

ХХ ғасырдың 40-жылдарының ортасында ол ветеринария ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін «Стафилококковая септицемия верблюжат» тақырыбында жұмыс бастады.

М.О. Солоницын ҚазҒЗВИді бірнеше рет институт директорының міндетін атқарушы лауазымында басқарды.

М.О. Солоницынның ғылыми жұмыстарының нәтижелері маллеиндер-жылқылардан туған құлындарды өсіру бойынша КСРО НКЗ – ның нұсқаулығына енгізілді.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлықтарымен М.О. Солоницын “Ерен еңбегі үшін” және “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Ерен еңбегі үшін”медальдарымен марапатталды.

М.О. Солоницын үлкен ғылыми-теориялық және практикалық құндылығы бар 20-дан астам ғылыми еңбектер жариялады.

М.О. Солоницынның ғылыми мұрасынан – маллеинге оң жауап беретін жылқылардан алынған сау құлындарды өсіру, маңқа эпизоотологиясы және жылқы энцефаломиелиті, биелердің паратифозды (сальмонеллезді) түсігі және ірі қара малдың перипневмониясы бойынша зерттеулер үлкен маңызға ие. Ғылыми қызметінің соңғы жылдарында ол түйе бруцеллезі бойынша бірқатар іргелі жұмыстар жүргізіп, түйенің жаңа ауруы – стафилококкты септицемияны ашты және жан-жақты зерттеді.

Михаил Осипович өте ерте, 44 жасында қайтыс болып, Алма-Ата қаласының Орталық зиратында жерленген [1,2,3,4,5,6,7,8].

Оның ең маңызды басылымдары:

Борьба с повалкой у крупного рогатого скота // Народное Хозяйство Казакстана. – 1934. – № 2-3. – С. 138-142;

Работа Казакстанского научно – исследовательского ветеринарного института //Народное Хозяйство Казакстана. – 1934. – № 6-7. – С. 83-86 (совместно с М.Т.Лебедевым);

Опыт применения гипосульфита по методу проф. Демьяновича при чесотке лошадей и крупного рогатого скота / В кн.: Казахский краевой научно-исследовательский ветеринарный институт. – Алма-Ата: Издательство комитета науки КазЦИК, 1936. – Т.I.-Труды за 10 лет (1925 – 1935). – С. 179 – 184;

Серный колчедан и целесообразность применения его при газокамерном лечении чесотки лошадей /В кн.: Труды Казахского научно-исследовательского ветеринарного института: Инфекционные и инвазионные заболевания сельскохозяйственных животных.- Алма-Ата, 1939. – Т.II. – С. 134 – 139 (совместно с И.Л.Жалобовским и М.И.Саенко);

Из опыта санации от бруцеллеза верблюдоводческого хозяйства // Известия Академии наук Казахской ССР. – Алма-Ата, 1946. – № 31. – Серия краевой патологии. – Сборник работ по бруцеллезу. – Вып.3. – С. 107-111.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Архив КазНИВИ: Архивное личное дело Солоницына М.О., ЛЛ. 1-23.
  2. ЦГА НТД РК. Ф. 111. Оп. 3-6. Д. 240. Л. 16.
  3. ЦГА НТД РК. Ф. 111. Оп. 3-6. Д. 240. ЛЛ. 16-17.
  4. ЦГА РК. Ф. 74. Оп. 8. Д. 422. Л. 36.
  5. ЦГА НТД РК. Ф. 111. Оп. 3-6.Д. 85. Л. 9.
  6. ЦГА РК. Ф.74. Оп. 8. Д. 503. Л.45.
  7. ЦГА РК. Ф. 74. Оп. 8. Д. 341. Л.45.
  8. ЦГА РК. Ф. 74. Оп.8.Д. 368. Л.4.

Алматы, Райымбек даңғылы, 223

+7 (727) 2337271

kaznivialmaty@mail.ru