ТАШМУХАМЕТОВ Умрали Ташмухаметович (1914 ж. 26 мамыр – 1992 ж. 12 қыркүйек) – қазақстандық ғалым – биохимик, Қазақстанның ветеринария ғылымын ұйымдастырушы, Қазақ ҒЗ ветеринария институты директорының ғылыми бөлім бойынша орынбасары (1948-1952), биология ғылымдарының кандидаты (1943), ҚазҒЗВИ биохимия зертханасының және ҚазКСР ҒА эксперименталды биология институты зертханасының меңгерушісі (1946 –  1952), “Биохимия” мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер (1946).

1952 жылдан бастап У.Т. Ташмухаметов Семей зоотехникалық-ветеринариялық институтының директоры болып тағайындалды, доцент (1953), биология ғылымдарының докторы (1975), профессор.

Ақмола губерниясының Петропавл қаласында шаруа отбасында дүниеге келген.

1930 жылы II сатыдағы қазақ мектебін бітіргеннен кейін Қазақ Мемлекеттік (Алма-Ата) зооветеринариялық институтына түсіп, 1932 жылға дейін оқыды.

1932 жылдың қазан айында У.Т. Ташмухаметов оқуын жалғастыру үшін Казан ветеринария институтына ауыстырылып, оны 1934 жылдың желтоқсанында бітірді.

1935 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Петропавл қалалық ветеринариялық клиникасында, алдымен ветеринарлық дәрігері, содан кейін оның меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1935 жылдың соңында У.Т. Ташмухаметов Петропавл қаласының ветеринариялық техникумының оқытушысы лауазымына ауысып, онда 1938 жылдың тамызына дейін жұмыс істеді.

1938 жылдың қыркүйегінен 1941 жылдың шілдесіне дейін Бүкілодақтық эксперименттік ветеринария институтында аспирантурада оқыды.

Аспирантураны бітіргеннен кейін У.Т. Ташмухаметов КСРО АШМ Ветеринария бас басқармасында жауапты лауазымдарда жұмыс істеді.

1942 жылы 31 шілдеде Омбы ветеринария институтының оқу Кеңесінде У.Т. Ташмухаметов биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Химические и иммунобиологические полисахоридно-липоидного комплекса бруцелл» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғады.

1943 жылдың шілдесінен 1946 жылдың тамызына дейін У.Т. Ташмухаметов Бүкілодақтық эксперименттік ветеринария институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

Өзінің ғылыми қызметі кезеңінде (1941-1952 жж.), оның ішінде Қазақ ҒЗ ветеринария институтында жұмыс істеген кезеңінде, У.Т. Ташмухаметов микробтардың вирустардың биохимиясы және жануарлардың бірқатар жұқпалы ауруларының патогенезі мәселелері бойынша 13 ғылыми жұмыс орындады.

У.Т. Ташмухаметовтың осы кезеңдердегі негізгі ғылыми зерттеулері жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу үшін биопрепараттарды дайындауда бактериялар мен вирустарды тазарту және концентрациялау мәселелерін шешуге жатады.

Умрали Ташмухаметович Алматы қаласындағы “Кенсай” мұсылман зиратында жерленген.

Шығармалар:

К вопросу о резервной щёлочности плазмы крови при инфекционной анемии лошадей / В кн.: Труды научно-исследовательского ветеринарного института. – Алма-Ата, 1950. – Т. 5. – С. 178-179;

Длительность пребывания сульфантрола (С-55) в организме животных / В кн.: Труды научно-исследовательского ветеринарного института. – Алма-Ата, 1950. – Т. 5. – С. 377-379.

Алматы, Райымбек даңғылы, 223

+7 (727) 2337271

kaznivialmaty@mail.ru