Басшылық
Қасенов Мархабат Мелісбекұлы, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС Бас директоры, профессор, әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың Лауреаты. М.М. Касенов Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша 1997 жылы бітірді. Еңбек жолын 1997 жылы ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында бастады (2010 жылдан бастап БҚМҒЗИ болып өзгертілді). 2006 жылдың қаңтарында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 2022 жылы QazVac вакцинасын өндіру және насихаттау жөніндегі бас директордың кеңесшісі лауазымына ауыстырылды. 2022 жылдың 8 желтоқсанынан бастап «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС Бас директоры лауазымына тағайындалды. Касенов М.М. - биотехнология, эпизоотология, вирусология, биопрепараттар өндірісін ұйымдастыру, алдын алу препараттарын дайындау және бақылау технологияларын әзірлеу саласындағы маман. Биологиялық өнімдерді бақылау бойынша жетекші ғылыми орталықтарда тәжірибеден өтті: АҚШ, Ұлыбританияда және Ресейде. Вирустық инфекциялардың спецификалық алдын алуы, диагностикасы және эпизоотологиялық мониторинг бойынша республикалық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен гранттық қаржыландыру шеңберлерінде орындалған 20 жобаның ғылыми жетекшісі, 7 халықаралық жобаның орындаушысы болды. М. М. Қасеновтың 150-ден астам ғылыми еңбектері, 25 өнертабысы бар, оның ішінде 1 Еуразиялық патент, Thomson Reuters мәліметтері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 24 мақаласы, бірлесіп жазған 4 монографиясы бар. Web of Science және Scopus бойынша Хирш (h-index) индексі – 6. Қасенов Мархабат Мелісбекұлы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен, «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаттарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен (2018 ж.), «Халық алғысы» медалімен (2020 ж.), ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының Алғыс хатымен (2021 ж.), Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен (2021 ж.) марапатталды, ғылым және техника саласындағы Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2021 ж.). Қасенов Мархабат Мелісбекұлының есімі «Үздік адамдар» халықаралық энциклопедиясына енгізілген.
Абдыбекова Аида Макенқызы – «ҚазҒЗВИ» ЖШС Бас директорының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары. 1993 жылы Алматы зооветеринарлық институтын үздік бітіріп, кейін Қазақ ҒЗВИ-на аспирантураға түсті. 1997 жылы кандидаттық диссертациясын, ал 2007 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Институтта ғылыми ізденістердің таңдалған бағыты бойынша 30 жыл, оның ішінде 10 жылдан аса профессор қызметін атқарып келеді. Аида Макенқызы Қазақстан паразитологтарының ғылыми мектебін құрушы. Оның жетекшілігімен 1 докторлық, 4 кандидаттық, 2 PhD, 7 магистрлік диссертация қорғалды. 5 PhD докторанттың ғылыми жетекшісі болып табылады. 240-тан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 5 монография, 1 оқу құралы, 16 ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулар, 2 электрондық кітап, 2 атлас, 28 қорғау құжаттары, отандық басылымдарда 70 мақала, АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Түркия, ҚХР, РФ, Беларусь елдерінің халықаралық басылымдарында 40 мақала, оның ішінде халықаралық дәйексөз басылымдарында 16 ғылыми мақала және 1 абстракт. ҚР ветеринариялық тәжірибесінде кеңінен қолданылатын препараттарға Аида Макенқызы 3 нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеп, жануарларды дегельминтизациялауға арналған препараттарға 3 тіркеу куәлігін алған. Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін Аида Макенқызы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің (2012 ж.), «ҚазАгроИнновация» АҚ (2012 ж.), ҚР Білім және ғылым министрінің (2017 ж.), ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК (2021 ж., 2023 ж.), «ҰАҒББО» КЕАҚ (2021 ж.) Құрмет грамоталарымен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен (2019ж.), ҚР ҒжЖБМ «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2023 ж.) төсбелгісімен марапатталды. Ғылымдағы жетістігі үшін 2020-2021 жж. мемлекеттік ғылыми стипендиясының лауреаты және «Үздік зерттеуші» сыйлығының иегері (2024 ж.)
Нурпейсова Айнур Султановна – Бас директордың өндірісті дамыту және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, философия докторы (PhD). Нұрпейсова А.С. иммунология, вирусология, биологиялық қауіпсіздік саласындағы, сондай-ақ адамдар мен жануарлардың аса қауіпті инфекцияларының алдын алуға арналған препараттарын әзірлеудің маманы болып табылады. Нұрпейсова А.С. 70-тен астам ғылыми мақалалардың бірлескен авторы, соның ішінде Clarivate Analytics (Web of Science) және Scopus дерекқорларында индекстелген, Clarivate Analytics журналының дәйеккөздері туралы есептерге сәйкес 1-4-ші квартиль, CiteScore - 14-тен 65-ке дейін ауытқитын халықаралық рецензияланған ғылыми журналдардағы 13 жарияланымның және 2 монографияның авторы болып табылады. Хирш индексы - 4 (Web of Science, Scopus). Гранттар мен мақсатты қаржыландыру бағдарлама шеңберінде ғылыми жобаларды басқару тәжірибесі бар. А.С. Нурпейсова Еуропаның, Ресейдің және АҚШ-тың жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтті: Нидерланд вакцина институтында (Билтховен қ., Нидерланды) «Тұмауға қарсы вакцина өндірісі бойынша халықаралық курсы»; Юта штаты университетінде (Логан қ., АҚШ) «Тұмауға қарсы культуралық вакциналарды өндіру бойынша Тренинг»; ветеринариялық медицина және фармация университетінде (Кошице қ., Словакия) «Ветеринариялық медицинаның жалпы мәселелері»; «Медициналық приматология ғылыми-зерттеу институты» ФГБУ (Сочи қ., Ресей) «Туберкулезге қарсы вакциналарды клиникаға дейінгі зерттеу»; «Академик И.П. Павлов атындағы бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінде» (Санкт-Петербург қ., Ресей) «Тиісті клиникалық практика ережелеріне сәйкес дәрілік заттарға клиникалық зерттеулерді жоспарлау және жүргізу әдістемесі»; Латвия жаратылыстану ғылымдары және технологиялар университетінде (Елгава қ., Латвия) «Ветеринариялық медицинаның жалпы мәселелері». А.С.Нурпейсова Қазақстан Республикасының дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау Ұлттық орталығында (Алматы қ.) Kazfluvac® және Refluvac® пандемиялық инактивтендірілген вакциналардың, COVID-19-ға қарсы QazCovid-in® инактивтендірілген вакцинаның; медициналық приматология ҒЗИ-дағы туберкулездің алдын алу және терапиясына арналған векторлық вакциналардың (Сочи қ., Ресей) клиникаға дейінгі комиссиялық тәжірибелеріне, сонымен қатар оларды Қазақстан Республикасының озық ғылыми орталықтарындағы клиникалық зерттеулерге қатысты. 2020 жылы COVID-19 пандемиясына қарсы күрестегі жемісті жұмысы үшін Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Халық алғысы» мемлекеттік медалімен марапатталды.
Тлегенова Жұлдыз Жеңісқызы - биология ғылымдарының кандидаты. 1978 жылы 18 маусымда Жетісу облысы, Көксу ауданы, Жеті-Жал ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетіне Ветеринариялық санитария мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2001 жылы үздік бітірді. 2001 жылдан 2002 жылға дейін Талдықорған экономикалық-технологиялық колледжінің (бұрынғы зооветтехникум) ветеринариялық бөлімінің оқытушысы болып жұмыс істеді. 2002 жылы "Ғылыми-зерттеу ветеринария институты" ЕМК күндізгі аспирантурасына түсіп, "Микроорганизмдер өсінділері мұражайы" зертханасына тағайындалды. 2010 жылы "Факультативті - анаэробты грамтеріс таяқшалардың коллекциялық штаммдарының биологиялық қасиеттері және сақталуы" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, оған биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. "Микроорганизмдер өсінділері мұражайы" зертханасының кіші ғылыми қызметкері, препараттарды енгізу бөлімінің, эпизоотология және ҒТА бөлімінің аға ғылыми қызметкері, ҒТА және ОБО бөлімінің ҒЗЖ бойынша менеджері болып жұмыс істеді. 2023 жылдан 2024 жылға дейін "Микроорганизмдер коллекциясы" зертханасының меңгерушісі, 2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін «ҚазҒЗВИ» ЖШС бас ғалым хатшы. Жұмыс барысында орындалған зерттеулердің нәтижелері бойынша 40-тан астам ғылыми жұмыстар, оның ішінде авторлармен бірлесіп 1 Микроорганизмдер өсінділері Каталогы, 3 ҚР инновациялық патенті, 2 әдістемелік ұсыныстар жарияланды.
Бас директордың ішкі ақпараттық және биологиялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары – Закиров Бақытжан Александрович