Препараттар және өнімдер

 Қазақ ҒЗВИ Қазақстан Республикасының әрбір өңіріндегі шаруашылық субъектілерінің ветеринариялық салауаттылығын ғылыми қамтамасыз ету бойынша келісім шарт негізінде қызметтер көрсетеді (жұқпалы және жұқпалы емес аурулар бойынша эпизоотиялық жағдайды бағалау, жануарлар ауруларын диагностикалау, эпизоотияға қарсы іс-шараларды әзірлеу, диагностикалық, профилактикалық және емдік препараттарды дайындау, ветеринариялық іс-шараларды жүргізу кезінде практикалық көмек көрсету) және ветеринариялық өнімдерді сатумен айналысады.

Институт жануарлардың аса қауіпті жұқпалы және инвазиялық ауруларын диагностикалау, тағам қауіпсіздігі, ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарына сәйкес биоветпрепараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сапасын анықтау жөніндегі сынақ орталығы ретінде; ГОСТ ISO/IEC 17043 – 2013 сәйкес аса қауіпті инфекциялардың зертханалық диагностикасы бойынша біліктілікті тексеру провайдері ретінде аккредиттелген.

ҚР ДСМ Режимдік комиссиясының патогенділігі II, III, IV топтардағы микроорганизмдермен және гельминттермен эксперименттік, диагностикалық және өндірістік жұмыстар жүргізуге рұқсаты, институттың кәсіби құзыреттілігін растайтын куәліктері мен мемлекеттік лицензиялары бар.

2015 жылы институт ISO/IEC 17043 “Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруге қойылатын жалпы талаптар” стандарты бойынша аккредитациядан өтті (бактериология, вирусология және бруцеллез зертханалары), бұл Қазақ ҒЗВИ ҚР аумағындағы ветеринариялық зертханалар мен референттік орталықтардың біліктілігін тексеру құқығына ие.

2021 жылы МЕМСТ ISO/IEC 17043-2013 талаптарына сәйкестігі үшін жаңа аккредиттеу аттестаты алынды. (03.11.2023 ж. №KZ.С.02.Е0651 аккредиттеу аттестаты)

Қазақ ҒЗВИ сынақ және әдістемелік базамен толық қамтамасыз етілген, сапа менеджменті талаптарына сәйкес нормативтік құжаттар мен стандарттарды пайдаланады.

Келісімшарттар жасау және бірлескен қызмет мәселелері бойынша телефон арқылы хабарласуға болады: +7 (727) 233-7267, 233-72-69.

Жыл сайын ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің тапсырмасы бойынша институт ғалымдары эпидемиология деректерін және аурулардың пайда болуы мен таралу қауіп факторларын ескере отырып, карантиндік және аса қауіпті аурулар кезінде эпизоотияға қарсы іс-шараларды әзірлеуге қатысады, ветеринария саласындағы әртүрлі нормативтік-құқықтық актілерді ғылыми негіздейді, отандық және шетелдік өндірістің ветеринариялық препараттарының нормативтік-техникалық құжаттарына сараптама жүргізеді, елде тіркелетін ветеринариялық препараттардың олардың техникалық ерекшелігіне сәйкестігіне сынақтар жүргізеді.

Алматы, Райымбек даңғылы, 223

+7 (727) 2337271

kaznivialmaty@mail.ru