
2023 жылдың 30 қазаны мен 17 қарашасы аралығында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы жаһандық биологиялық өндіріс оқу орталығында (GTH-B) стандартты тәжірибе (GxP) бойынша үш апталық оқу өтті.
2023 жылдың 30 қазаны мен 17 қарашасы аралығында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы жаһандық биологиялық өндіріс оқу орталығында (GTH-B) стандартты тәжірибе (GxP) бойынша үш апталық оқу өтті. Бұл биоөндіріс оқу орталығын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) және Оңтүстік Корея Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі құрды. Біздің институттың қызметкері, ветеринария ғылымдарының кандидаты Мырзалиев Ахан Жахангерұлы Оңтүстік Кореяда осы оқу курсын сәтті аяқтап, сертификат алды.
Оқу курсы жоспарланған нақты уақытқа сәйкес және тиісті зертханалық (GLP), клиникалық (GCP), клиникалық – зертханалық (GCLP), өндірістік (GMP) тәжірибеге және биоқауіпсіздікке дидактикалық және практикалық тәсілдермен өтті. Курс вакциналарды, дәрілік препараттарды, моноклонды антиденелерді және басқа препараттарды қоса алғанда, био – және ветеринариялық препараттарды өндірумен айналысатын технологтарға, инженерлерге және мамандарға арналған.