2023 жылдың 30 қыркүйегінде «1st BUSINESS AND SCIENCE EVENT» көрмесі өтті.

2023 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен,  бизнес өкілдері мен түрлі құрылымдар мен бірлестіктердің басшылары үшін ғылыми қызметтің инновациялық әзірлемелеріне арналған, “1st BUSINESS AND SCIENCE EVENT” көрмесі өтті. Іс-шарада қатысушылар мен қонақтарға барлық отандық ғылымның жетістігі болып табылатын Қазақстан ғалымдарының үздік әзірлемелері мен жобалары ұсынылды. Көрмеге ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге мүдделі ғалымдар мен бизнес өкілдері, ғылымды танымал етуші блогерлер шақырылды. Біздің институт шетте қалмады және осы іс-шараға белсенді қатысты.