
2023 жылғы 26-27 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Science Talks-жас ғалымдар диалогы» атты ІІІ Халықаралық форум өтті.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 2023 жылдың 26-27 қазанында жас ғалымдар мен жас зерттеушілердің шығармашылық белсенділігі мен ғылыми – зерттеу дағдыларын дамытуға, оларды заманауи ғылымның өзекті міндеттерін шешуге тартуға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен мен ел экономикасының индустриялық-инновациялық дамуына жәрдемдесуге арналған “Science Talks-жас ғалымдар диалогы” III Халықаралық форумы өтті. Форумға біздің институттың 6 жас ғалымы қатысып, 2 баяндама тыңдалды. Конференция қорытындысы бойынша форум баяндамаларының материалдары электрондық жинақта жарияланатын болады.