Бас директордың жеке блогы

Касенов Мархабат Мелісбекұлы, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС Бас директоры, профессор, әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың Лауреаты.

М.М. Касенов Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша 1997 жылы бітірді. Өзінің еңбек жолын 1997 жылы ауыл шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтында (2010 жылдан бастап БҚМҒЗИ болып өзгертілді) «Инактивирленген вакциналар» зертханасының аға лаборанты лауазымынан бастады. 1998 жылы АШҒЗИ-на сырттай аспирантураға қабылданып, «Биологиялық бақылау бөлімінің» кіші ғылыми қызметкері лауазымына конкурс бойынша өтті. 2006 жылдың қаңтарында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 2006 жылдың қаңтар айынан «Биологиялық бақылау бөлімінің» аға ғылыми қызметкері, одан кейін «Технологиялар мен биопрепараттарды бақылау» зертханасының меңгерушісі (2011 ж.), Бас директордың өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары (2019 ж.) лауазымдарына ауыстырылды, 2022 жылдың басынан QazVac вакцинасын өндіру және насихаттау жөніндегі бас директордың кеңесшісі лауазымына ауыстырылды

2022 жылдың 8 желтоқсанынан бастап «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС Бас директоры лауазымына тағайындалды.

М.М. Касенов - биотехнология, эпизоотология, вирусология, биопрепараттар өндірісін ұйымдастыру, алдын алу препараттарын дайындау және бақылау технологияларын әзірлеу саласындағы маман. Вирустық инфекциялардың спецификалық алдын алу құралдарын әзірлеу, диагностикасы және эпизоотологиялық мониторинг бойынша республикалық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен гранттық қаржыландыру шеңберлерінде орындалған 20 жобаның ғылыми жетекшісі, 7 халықаралық жобаның орындаушысы болды.

М. М. Касеновтың жетекшілігімен «Технологиялар мен биопрепараттарды бақылау» зертханасы 2013 жылы МЕМСТ ИСО/МЭК 17025 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» бойынша аккредиттеу аттестатын алды.

БҚМҒЗИ-да М.М. Қасенов Қазақстан Республикасы АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің тапсырысы бойынша жануарлардың эпидемиялық ауруларының спецификалық алдын алуы мен диагностикасы құралдарын дайындауды ұйымдастырды, 2020 жылы өндіріс көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге, 2021 жылы өндіріс көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге өсті.

М. М. Касеновтың тікелей қатысуымен «Маусымдық тұмауға қарсы бөлінген аллантоисты инактивтендірілген вакцина», құс тұмауына қарсы «Kazfluvac», шошқа тұмауына қарсы «Refluvac» вакциналары, туберкулездің алдын алуға арналған векторлық вакцина, денсаулық сақтауға арналған туберкулезді емдеу үшін векторлық вакцина сияқты инактивтендірілген вакциналарды дайындау технологиялары әзірленді. Neethling-RIBSP штаммынан нодулярлы дерматитке қарсы вакцинаны әзірлеуге қатысты, вакцина 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында ІҚМ арасында нодулярлы дерматиттің алдын алу үшін қолданылады.

Касенов М.М. 2020 жылға арналған "COVID-19 қарсы вакцинаның қауіпсіздігіне клиникаға дейінгі сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу (1 кезең)" инновациялық жобасының ғылыми жетекшісі. Алғашқы отандық инактивирленген COVID-19 вакцинасын жасаушылардың бірі.

М. М. Касенов әріптестерімен бірге SARS-CoV-2 вирусының штаммын бөліп алды, QazCovid-in инактивирленген вакцинасын алу технологиясы және осы препараттың биологиялық қорғанысының тиімділігін бағалау моделі әзірленді, QazVac сауда белгісімен QazCovid-in отандық вакцинасын өндіру ұйымдастырылды.

Қазақ ҒЗВИ тарихында алғаш рет институт ғалымдары әзірлеген 10-нан астам ветеринариялық препараттардың өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастырды. Жаңа препараттарды әзірлеу және сериялық өндіру үшін жағдайлар жасалған. Жануарлардың эпидемиялық ауруларының спецификалық алдын алу мен диагностикасы құралдарын өндіру көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы 160 есе өсті.

Касенов М.М. республикалық ғылыми басылымдарда және шетелдік рейтингтік журналдарда тұрақты жарияланып тұрады және 150-ден астам ғылыми жұмысы, 25 өнертабысы, оның ішінде 1 еуразиялық патенті, Thomson Reuters деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 24 мақаласы, бірлескен автор ретінде 4 монографиясы бар. Web of Science және Scopus мәліметтері бойынша Хирш (h-index) индексі – 6.

Биопрепараттарды бақылау бойынша жетекші зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтті: АҚШ-та «Вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету рәсімдері» және «Вакциналардың иммуногенділігі мен зиянсыздығын тексеру және диагностикалық тест-жинақтарды бағалау» (2005 ж.); «Жануарларды қорғау бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты» ФММ, Владимир қ., Ресей, полимеразды реакция әдісімен ауылшаруашылығы жануарларының вирустық ауруларын диагностикалау әдістерін игеру мәселелері бойынша (2006 ж.); «Тұмау бойынша ғылыми-зерттеу институты» ММ РМҒА, Санкт-Петербург қ., Ресей, Денсаулық сақтауға арналған тұмауға қарсы инактивтендірілген вакцинаның сапасы мен қауіпсіздігін бақылау әдістерін игеру мәселелері бойынша (2008 ж.); ұлттық стандарттар институтында, Лондон, Ұлыбритания (2012 ж.) тұмауға қарсы вакциналарды бақылау бойынша халықаралық тренингке қатысты.

Касенов Мархабат Мелісбекұлы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасының Алғыс хаттарымен, Жамбыл облысы әкімінің және Жамбыл облысы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасарының Алғыс хаттарымен марапатталған, «Ел тағдыры – менің тағдырым!» республикалық форумы аясында белсенді азаматтық ұстанымы мен жоғары патриотизмі үшін Қордай ауданы әкімінің Алғыс грамотасымен, «Беделді жетекші» дипломымен және «Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» аудандық конкурсының 1 дәрежелі Дипломымен (2019 ж.), білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төсбелгісімен, «Еңбегі мен жетістігі үшін», «Қазақстан маслихатына - 20 жыл», «Қазақстан мәслихатына - 25 жыл» медальдарымен марапатталған.

Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен (2018 ж.), «Халық алғысы» медалімен (2020 ж.), ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының Алғыс хатымен (2021 ж.), Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен (2021 ж.) марапатталды, ғылым және техника саласындағы Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2021 ж.). Қасенов Мархабат Мелісбекұлының есімі «Үздік адамдар» халықаралық энциклопедиясына енгізілген.

Алматы, Райымбек даңғылы, 223

+7 (727) 2337271

kaznivialmaty@mail.ru