КИНДЯКОВ Василий Иванович (1901 жылы 1 қаңтар – 1985 жылы 4 ақпан) Қазақстанның көрнекті ветеринария вирусологы, КСРО НКЗ Аусылды зерттеу зертханасы (Свердлов ҒЗВОС жанындағы) меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы (1936), КСРО НКЗ Аусылды зерттеу бойынша Алма-Ата зертханасының меңгерушісі (Қазақ ҒЗВИ жанындағы) (1936-1940), Қазақ ҒЗВИ аусылды зерттеу зертханасының меңгерушісі (1940 –1974), ветеринария ғылымдарының кандидаты (1946), “Эпизоотология” мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер (1953), Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1958), ветеринария ғылымдарының докторы (1972). “Құрмет Белгісі” орденімен және КСРО-ның екі медалімен марапатталған.

В.И. Киндяков Астрахань қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген.

1914 жылы 3 жылдық Астрахань приход мектебін бітірді.

1921 жылға дейін Астраханьда жұмысшы болып жұмыс істеді.

1922 жылдың басында Астрахань ветеринариялық техникумына оқуға түсіп, 1927 жылы бітірді. Сол жылы Астрахань ветеринариялық-бактериологиялық зертханасына препаратор ретінде қабылданып, 1928 жылға дейін жұмыс істеді.

1928 жылы В. И. Киндяков Саратов Мемлекеттік Зоотехникалық-Ветеринариялық Институтының ветеринария факультетіне түсіп, оны 1931 жылы бітіріп, ветеринария дәрігері-клиницист біліктілігін алды.

Институтты бітіргеннен кейін В.И. Киндяков эпизоотология кафедрасында аспирант болып қалды.

1931 жылдың 1 қарашасында В.И. Киндяков аспирантураны бітіріп, Саратов ЗВИ эпизоотология кафедрасының ассистенті болып қабылданды, онда 1935 жылдың 1 қазанына дейін жұмыс істеді.

1936 жылы 31 қаңтарда В.И. Киндяков КСРО НКЗ аусылды зерттеу зертханасы (Свердловск ҒЗВОС жанындағы) меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

КСРО НКЗ-нің 1936 жылғы 12 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес КСРО НКЗ-нің аусылды зерттеу зертханасы (Свердловск ҒЗВОС жанындағы) барлық штатымен және жабдықтарымен Свердловск қаласынан Алма-Атаға ауыстырылып, Қазақ ҒЗВИ басқармасына берілді.

Қазақ КСР НКЗ-нің өтініші бойынша, КСРО НКЗ-нің аусыл ауруын зерттеу жөніндегі Алма-Ата зертханасы, 1940 жылдың аяғында бүкіл штатпен және жабдықтармен бірге оның ғылыми бөлімшелерінің бірі ретінде Қазақ ҒЗВИ -не берілді.

1945 жылы 2 қарашада Алма-Ата зооветинститутының Ғылыми кеңесінің отырысында (№9 хаттама) В.И. Киндяков “Қазақ КСР аумағындағы аусыл вирусы түрлерінің плюралитеті” тақырыбында кандидаттық диссертациясын бірауыздан қорғады, содан кейін ол ветеринария ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінде және сәл кейінірек аға ғылыми қызметкер ғылыми атағында бекітілді.

1959 жылы 18-28 мамыр аралығында, В.И. Киндяков, Кеңес делегациясының құрамында, XVI Халықаралық ветеринария Конгресінің (Мадрид, Испания) жұмысына “Аусыл түрлерінің өзгергіштігі туралы” баяндамасымен қатысты.

1971 жылы 12 наурызда Алма-Ата зооветеринариялық институтының Ғылыми кеңесінің отырысында В.И. Киндяков, жарияланған жұмыстардың жиынтығы бойынша жалпылама баяндама түрінде “Қазақстандағы Аусылды зерттеу бойынша материалдар” тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап, ветеринария ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.

Зейнеткерлікке шыққанына байланысты, 1974 жылы 10 сәуірде В.И. Киндяков 1980 жылы 15 сәуірге дейін жұмыс істеген аусыл ауруын зерттеу зертханасының аға ғылыми кеңесшісі болып ауыстырылды.

В.И. Киндяков 90-нан астам ғылыми жұмыстардың авторы.

В.И. Киндяков жануарлардың аусыл ауруын жан-жақты зерттеу негізінде, сыртқы ортадағы аусыл вирусының тұрақтылығымен тығыз байланысты жануарлардың аусыл эпизоотиясының заңдылықтарын, сондай-ақ әртүрлі жағдайларда әртүрлі антигендік қасиеттерді көрсететін аусыл вирусының түрлерін анықтады, бұл белгілі бір биологиялық қасиеттері бар вирус түрлерін алу әдістерін іздеуге кең перспективалар ашты.

В.И. Киндяковтың басшылығымен және оның тікелей қатысуымен ҚазҒЗВИ-да аусылдың афтозды вирусына қарсы вакцина және аусылға қарсы гидроксиалюминий концентрацияланған тіндік бивалентті формолвакцина жасалды, олар Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де әртүрлі ауыл шаруашылығы жануарларының бірнеше миллион басына сәтті қолданылды, мал шаруашылықтарында аусыл ошақтарын тоқтатуға, алдын алуға және мал шаруашылығы өнімдерін сақтау және шаруашылықтардың экономикалық жағдайын жақсартуға оң әсер етті.

В.И. Киндяков атындағы ғылыми мектептің жануарлардың аусыл ауруы бойынша іргелі зерттеулерінің нәтижелері, “Ветеринариялық микробиология” және “Эпизоотология” одақтық маңызы бар оқу нұсқаулықтарына енді.

Василий Иванович Алма-Ата қаласының орталық зиратында жерленген.

Жарияланған жұмыстар:

Изучение длительности переживания ящурного вируса в навозных кучах животноводческих хозяйств Восточно-Казахстанской области // Труды Казахского НИВИ. – Алма-Ата, 1939. – Т.II. – С. 142-155;

Продолжительность устойчивости вируса ящура на пастбище // Труды Казахского НИВИ. – Алма-Ата, 1954. – Т.VI. – С. 183-184;

Некоторые материалы по изучению природы вируса ящура // Труды Казахского НИВИ. – Алма-Ата, 1957. – Т.IХ. – С. 23-32;

Причины распространения ящура и пути его ликвидации в Казахстане // Труды Казахского НИВИ. – Алма-Ата, 1961. – Т.Х. – С. 30-37;

Опыт изготовления противоящурной концентрированной (12%) тканевой бивалентной вакцины КазНИВИ и изучение её активных свойств в лабораторных условиях // Труды Казахского НИВИ. – Алма-Ата, 1963. – Т.ХI. – С. 86-97 (совместно с Л.Н. Рублёвым);

Об иммунитете при применении инактивированных противоящурных вакцин // Труды Казахского НИВИ. – Алма-Ата, 1971. – Т.XIV. – С. 125-128 (совместно с С.М. Филиппович);

39 лет работы лаборатории по изучению ящура в Казахстане // Труды Казахского НИВИ. – Алма-Ата, 1976. – Т.XVI. – С. 31-36

Алматы, Райымбек даңғылы, 223

+7 (727) 2337271

kaznivialmaty@mail.ru