ПАЛЬГОВ Андрей Архипович (13 желтоқсан 1905 ж. – 3 наурыз 1964 ж.) -қазақстандық ветеринариялық микробиолог, ветеринария ғылымдарының кандидаты (1949), “Эпизоотология” мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер (1953), Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты зертханаларының меңгерушісі – жылқылардың жұқпалы анемиясын зерттеу зертханасы (1946-1950), жылқы ауруларын зерттеу зертханасы (1951-1957), ғылыми-диагностикалық (1957-1962) және вирусология зертханасы (1962-1964).

Омбы облысы, Ачаир уезі, Ново-Атамановская ауылында, шаруа отбасында дүниеге келген.

1930 жылы А.А. Палгов Қазақ мемлекеттік зоотехникалық-ветеринариялық (Алматы зооветеринариялық) институтына студент болып қабылданып, оны 1933 жылы бітіріп, оған ветеринариялық дәрігер біліктілігі берілді.

Институтты бітіргеннен кейін А.А. Палгов 6 жыл бойы Қазақ КСР-нің Казжылқыбасқару жүйесі мен жылқы зауыттарында ветеринариялық дәрігер болып жұмыс істеді.

1939 жылы қаңтарда Қазақ КСР жер Наркомының бұйрығына сәйкес А.А. Палгов, ҚазҒЗВИ жылқы ауруларын зерттеу зертханасының кіші ғылыми қызметкері лауазымына ауыстырылды.

1941 жылы мамырда Кеңес Армиясы қатарына қосылды. 1946 жылдың қазан айында ветеринария қызметі майоры атағымен отставкаға кетті.

Әскери қызметін аяқтағаннан кейін А.А. Пальгов ҚазҒЗВИ жылқылардың жұқпалы анемиясын зерттеу зертханасының меңгерушісі болып тағайындалды.

1949 жылы 13 мамырда Алма-Ата ветеринариялық-зоотехникалық институты Ғылыми кеңесінің отырысында А.А. Палгов ветеринария ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін, “Серо-аллергическая диагностика бруцеллеза верблюдов и опыт выращивания здоровых верблюжат” тақырыбында диссертациясын сәтті қорғады.

А. А. Пальгов 40-тан астам ғылыми жұмыстардың авторы. Оның ғылыми қызметінің негізгі бағыттарының бірі жұқпалы этиологиялы жылқы ауруларын диагностикалау, алдын алу және емдеу болып табылады, олардың кейбір тұжырымдары жылқылардың жұқпалы ауруларымен (контагиозды плевропневмония, сібір жарасы, қатерлі сақау, инфекциялық энцефаломиелит, инфекциялық анемия, некробактериоз, биелердің сальмонеллездік түсігі және сүт еметін құлындардың диплококк пневмониясы) күресу жөніндегі мемлекеттік нұсқаулары мен нұсқаулықтарға енгізілген.

Андрей Архипович Алма-Ата қаласының Орталық зиратында жерленген

Жарияланған жұмыстары:

Диплококковая пневмония жеребят-сосунов//Труды Казахского научно-исследовательского ветеринарного института.-Алма-Ата, 1940.- Т.4.-С.166-174 (совместно с И.Л. Жалобовским);

Сравнительная оценка аллергических и серологических методов диагностики бруцеллеза верблюдов//Труды Казахского научно-исследовательского ветеринарного института. – Алма-Ата, 1950.-Т.5.-С.29-38;

К вопросу о физико-морфологических изменениях крови при бруцеллезе верблюдов//Труды Казахского научно-исследовательского ветеринарного института. – Алма-Ата, 1954.-Т.6.-С.ЗО-36.;

Глюцидо-липоидные элементы крови в диагностике инфекционной анемии лошадей (ИНАН)//Труды Казахского научно-исследовательского ветеринарного института. – Алма-Ата, 1954.-Т.6.-С.226-233.;

Стрептококковый аборт верблюдов//Труды Казахского научно-исследовательского ветеринарного института. – Алма-Ата, 1954.-Т.6.-С.234-240.;

Об инфекционном факторе в этиологии деформирующего ринита у поросят//Труды Казахского научно-исследовательского ветеринарного института. – Алма-Ата, 1955.-Т.7.-С.66-72.;

Диагностика инфекционной анемии лошадей методом сывороточной преципитации//Труды Казахского научно-исследовательского ветеринарного института. – Алма-Ата, 1955.-Т.7.-С.88-95.;

Вакцинопрофилактика паратифозного аборта кобыл//Труды Казахского научно-исследовательского ветеринарного института. – Алма-Ата, 1957.-Т.8.-С.210-217 (совместно с Л.А.Тюриной);

Материалы к эпизоотологии некробациллеза лошадей при табунном содержании//Труды Казахского научно-исследовательского ветеринарного института. – Алма-Ата, 1957.-Т.6.-С.258-267.

Алматы, Райымбек даңғылы, 223

+7 (727) 2337271

kaznivialmaty@mail.ru