СТУДЕНЦОВ Константин Петрович [10 (23) қыркүйек 1906 ж. – 24 наурыз 1978 ж.] – көрнекті ветеринария ғалымы – микробиолог, иммунолог және эпизоотолог, ветеринария ғылымдарының кандидаты (1947), аға ғылыми қызметкер (1949), ҚазКСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері (1961), ветеринария ғылымдарының докторы (1962), профессор (1964), бруцеллезді зерттеу зертханасының меңгерушісі (1943-1946), ҚазҒЗВИ директорының ғылыми бөлім жөніндегі орынбасары (1946-1948), емдеу-алдын алу зертханасының меңгерушісі (1948-1953), бруцеллезді зерттеу зертханасының меңгерушісі (1953-1975).

К.П. Студенцов Казан губерниясының, Спасск уезінің, Кокрять ауылында жыршы отбасында дүниеге келген. Ресейдегі қазан төңкерісінен кейін оның отбасы большевиктер билігі тарапынан қуғын-сүргінге ұшырады.

1926 жылы К.П. Студенцов Татар АССР Тетюши қаласындағы II дәрежелі мектепті бітіріп, жалпы білім алды. Сол жылы оны Казан мемлекеттік ветеринария институтына түсу үшін ғылыми қызметкерлердің Казан секциясына іссапарға жіберілді. Аталған институтты бітіргеннен кейін, 1930 жылы 27 қыркүйекте ол ветеринария дәрігері атағына ие болды және алдымен КААСРдың Петропавл және Павлодар округтары КСРО Наркомземнің ветеринариялық-эпизоотиялық трестінің эпизоотиялық отрядтарының эпизоотиялық ветеринария дәрігері ретінде жұмысқа жіберілді, содан кейін аталған эпизоотиялық отрядтардың бастығы болып тағайындалды.

1931 жылдың басында жұмыстағы жетістіктері үшін К.П. Студенцов ветеринариялық дәрігерлер-серологтардың курсынан өту үшін Петропавл қаласына іссапарға жіберілді. Курсты аяқтағаннан кейін ол Семей округінің № 86 Көкпекті совхозының серологиялық зертхана меңгерушісі лауазымына тағайындалды, оған бір мезгілде қатар совхоз директорының ветеринариялық бөлім жөніндегі орынбасары және эпизоотиялық отрядтардың нұсқаушысы міндеттері жүктелді.

1932 жылдың желтоқсан айының соңында К.П. Студенцов өндірістен жұмыстан шығып, ҚазҒЗВИге эпизоотологиялық бөлімнің ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды. 1936 жылдың 10 наурызынан бастап Казнаркомзем ветеринария басқармасы оған бір мезгілде “Асколи” зертханасын және трипаносомозды антиген жасау бөлімін меңгеруді тапсырды.

1938 жылдың басында бруцеллезді зерттеу зертханасы құрылғаннан кейін, К.П. Студенцов аталған зертханаға ғылыми қызметкер лауазымына ауыстырылды, ал 1939 жылдан бастап ол аға ғылыми қызметкер және аталған зертхана меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды.

1943 жылы 15 қаңтарда К.П. Студенцов бруцеллезді зерттеу зертханасының меңгерушісі лауазымына қабылданды.

1944 жылдың қыркүйегінен 1946 жылдың 15 қыркүйегіне дейін бір мезгілде АН КСРО Қазақ филиалының Өлкелік патология институтының  эпидемиология және профилактика зертханасының (бруцеллез секторында)  меңгерушісі болып жұмыс істеді (1946 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақ КСР АН), содан кейін 1947 жылға дейін (қоса алғанда) аталған институттың аға ғылыми қызметкері лауазымында қатар жалғастырды.

1946 жылы 7 мамырда Алма-Ата ветеринариялық-зоотехникалық институтының Ғылыми кеңесінің отырысында (№11 хаттама) К.П. Студенцов ветеринария ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Серологическая диагностика бруцеллёза» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғады. 1947 жылы 25 қазанда оған ветеринария ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді және Жоғары аттестаттау комиссиясы тиісті үлгідегі диплом берді.

1946 жылы тамызда К.П. Студенцов ҚазҒЗВИ директорының ғылыми бөлімі бойынша орынбасары қызметіне тағайындалды. 1948 жылы 30 қыркүйекте ол қызметінен босатылып, емдеу-алдын алу зертханасының меңгерушісі болып тағайындалды.

Жоғары аттестаттау комиссиясының 1948 жылғы 18 желтоқсандағы шешімімен (№23 Хаттама) К.П. Студенцов “эпизоотология” мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер ғылыми атағында бекітілді.

1953 жылы 28 ақпанда К.П. Студенцов бруцеллезді зерттеу зертханасының меңгерушісі болып ауыстырылды.

1958 жылдың екінші жартысында К.П. Студенцов ҚХР-на іссапарға жіберілді, онда бірнеше ай бойы Бүкілқытайлық ҒЗВИ ғылыми қызметкерлеріне ғылыми-әдістемелік көмек көрсетті.

1961 жылы 25 мамырда Алма-Ата зооветеринариялық институты кеңесінің отырысында К.П. Студенцов ветеринария ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Диагностика, специфическая профилактика бруцеллёза и материалы по его терапии» тақырыбында диссертация қорғады. Диссертацияны қорғағаннан кейін Жоғары аттестаттау комиссиясының 1962 жылғы 19 мамырдағы шешімімен (№16 Хаттама) оған ветеринария ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы ғылымды дамытудағы еңбегі үшін 1961 жылғы 15 шілдедегі Жарлығымен К.П. Студенцовқа ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері құрметті атағын берді.

1962 жылдың тамыз айының соңында К.П. Студенцов АЗВИ микробиология кафедрасы профессорының ваканттық лауазымына орналасу конкурсына қатысты.

1962 жылы 5 қарашада ҚазКСР АШМ № 480-к бұйрығымен, К.П. Студенцов, ҚазҒЗВИ бруцеллезді зерттеу зертханасының меңгерушісі қызметінен босатылды және конкурс бойынша АЗВИ микробиология кафедрасының профессоры лауазымына ауыстырылды.

Алайда, бір айдан кейін ол ҚазҒЗВИ басшылығының шұғыл өтініші бойынша институтқа қайта оралды және бруцеллезді зерттеу зертханасының меңгерушісі болып бұрынғы лауазымында қалды (1962 жылғы 4 желтоқсандағы ҚазКСР АШМ бойынша № 523-к бұйрығы).

1964 жылы 6 мамырда Жоғары аттестаттау комиссиясының шешімімен (№21/п хаттама) К.П. Студенцовқа ветеринариялық микробиология мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін, К.П. Студенцов 1975 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚазҒЗВИ бруцеллезді зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері – кеңесшісі болып тағайындалды.

К.П. Студенцов 100-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы, олардың кейбіреулері одақтық маңызы бар эпизоотология және микробиология оқулықтарында көрініс тапты. Ол осы уақытқа дейін ғалымдар арасында үлкен сұранысқа ие бірнеше бруцеллез бойынша кітаптардың авторы.

К.П. Студенцовтың маңызды ғылыми үлесі – жылқылардың маңқасы, ірі қара малдың перипневмониясы, ауылшаруашылық жануарларының бруцеллезінің диагностикасы, эпизоотологиясы, өзіне тән алдын-алу және терапиясы бойынша.

К.П. Студенцовтың орасан зор еңбегі-ХХ ғасырдың 60-жылдарының басында қалыптасқан ауылшаруашылық жануарларының бруцеллез проблемаларын зерттеу бойынша ҚазҒЗВИ бактериологтары, иммунологтары мен эпизоотологтарының ғылыми мектебін құру болып табылады.

К.П. Студенцовтың тікелей қатысуымен бруцеллезбен ауыратын сиырлардан сау төлдерді өсіру схемасы жасалды, ауылшаруашылық жануарларының бруцеллезін диагностикалау және алдын алу бойынша іргелі ғылыми-теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізілді.

К.П. Студенцов КСРО-ның бірнеше медальдарымен марапатталды.

Константин Петрович Алма-Ата қаласының Орталық зиратында жерленген.

Алматы, Райымбек даңғылы, 223

+7 (727) 2337271

kaznivialmaty@mail.ru