ЦЕЛИЩЕВ Аркадий Андреевич (1899 ж. 4 ақпан – 1950 ж. 17 қараша) – Қазақстанның көрнекті ветеринария протозоологы, ветеринария ғылымдарының кандидаты (1941), “Паразитология және инвазиялық аурулар” мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер (1941), биология ғылымдарының докторы (1947), “Паразитология” мамандығы бойынша профессор (1947), Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1947), Қазақ ҒЗ ветеринария институтының протозоология зертханасының меңгерушісі (1935-1941; 1946-1950), атқыштар полкінің ветеринария дәрігері (1941-1943), ВАСХНИЛ Қазақ филиалының ветеринария секциясының ғалым хатшысы (1943-1944), Зоология институтының протозоология зертханасының меңгерушісі (1944-1950), КСРО ҒА Қазақ филиалы Зоология институты директорының ғылыми бөлімі бойынша орынбасары (1945-1946), Қазақ КСР ҒА Зоология институтының директоры (1946-1950), КСРО ҒА Президиумы жанындағы паразитологиялық мәселелер жөніндегі комиссияның қазақстандық секциясын ұйымдастырушылардың бірі.

А.А. Целищев Пермь губерниясының Шадринск қаласында Крутихи ауылынан шыққан шаруа отбасында дүниеге келген.

1917 жылы орта білім алғаннан кейін біраз уақыт оқытушылық қызметпен және есеп жұмысымен айналысты.

1920 жылы А.А.Целищев РККА қызметіне өз еркімен кірді, ал 1924 жылы Сібір (Омбы) ветеринария институтына оқуға жіберілді. 1928 жылдың басында РККА бас басқармасы бастығының өтініші бойынша ол институттың әскери стипендиаты болып қабылданып, әскери қызметтен босатылды.

1928 жылы желтоқсанда А.А. Целищев институтты бітіріп, оған ветеринария дәрігері біліктілігі берілді және қайтадан РККА қызметіне қабылданды.

1929 жылы А.А. Целищев Ахалцих қаласына (Грузия) полктің ветеринария дәрігері лауазымына әскери қызметке жіберілді.

1930 жылы А.А. Целищев отставкаға кетіп, Казнаркомзем ветеринариялық басқармасына эпизоотология бойынша аға ветеринария дәрігері лауазымына шақырылды, ал 1932 жылы аталған басқарманың ғылыми және зертханалық бөлімі бойынша аға ветеринария дәрігері лауазымына ауыстырылды. Сол жылдары ол Ленинград ветеринариялық дәрігерлерді жетілдіру институтында, біліктілікті арттыру курсында болып, 1932 жылы бітірді.

Казнаркомземнің ветеринария басқармасында жұмыс істеген уақытында А.А. Целищев Алма-Ата биокомбинатын салуға және республикада биологиялық ветеринариялық препараттар өндірісін жолға қоюға көп күш жұмсады. Ол Қазақ ҒЗВИ, Семей және Орал ҒЗВОС сияқты ветеринариялық ғылыми-зерттеу желісін нығайтуға, сондай-ақ облыстық және аудандық ветеринариялық-бактериологиялық зертханаларды қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықтауға көп көңіл бөлді.

А.А. Целищев бір кезеңде Қазақ ҒЗВИ қызметі мен Қазақстанның революцияға дейінгі ветеринария тарихын жариялау бойынша жұмыс жүргізіп, оны қолжазбада Казнаркомземге қызметтік пайдалану үшін берді.

1935 жылы А.А. Целищев институттың жаңа ғылыми бөлімшелерін-протозоологиялық зертхананы ұйымдастыру және басқару үшін Қазақ ҒЗВИ-ге ауыстырылды.

1941 жылы 27 ақпанда Бүкілодақтық эксперименттік ветеринария институтының Ғылыми кеңесінің отырысында А.А. Целищев ветеринария ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Эпизоотология тейлериоза крупного рогатого скота и основы практических мероприятий при этом заболевании в Казахстане» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғады.

1941 жылдың 1 маусымынан 1943 жылдың 1 қаңтарына дейін № 147 әскери полкінің ветеринария дәрігері болып қызмет етіп, содан кейін әскерден босатылды.

1945 жылы 10 қарашада А.А. Целищев Ленинград мемлекеттік Ленин ордені университетінің биология факультетінің Ғылыми кеңесінің отырысында биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Организм окончательного и промежуточного хозяина, как среда обитания тейлерий» тақырыбында диссертация қорғады.

А.А. Целищев Қазақстандағы пироплазмалық жағдайды зерттеді, гемоспоридиялардың түрлік құрамын анықтады, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен алынған тейлерия штаммдарын типтендірді және жануарлардың гемопаразитоздарымен күресу бойынша жоспарлы практикалық іс-шараларды тиімді жүргізуге мүмкіндік беретін, гемоспоридиозды ошақтарға эпизоотиялық сипаттама берді. Сонымен қатар, олар Қазақстанда қой қотырымен күресудің тиімді шараларын әзірледі.

А.А. Целищевтің ғылыми жұмыстарының нәтижелері кең ветеринариялық практикаға енгізілді және КСРО-да паразиттік аурулармен күрес жөніндегі мемлекеттік нұсқаулыққа енгізілді.

А.А. Целищев Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жануарларының протозоидтық аурулары мәселелеріне арналған 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы. Оның ғылыми еңбектерінің ішінде «Тейлериоз крупного рогатого скота и борьба с ним» монографиясы және «Тейлерий и тейлериоз крупного рогатого скота» іргелі еңбегі ерекше қызығушылық тудырады.

Аркадий Андреевич Алма-Ата қаласының орталық зиратында жерленген.

Жарияланған жұмыстары:

К изучению видового состава возбудителей пироплазмозов в Казахстане//Труды КазНИВИ.-Т.З .-Алма-Ата.-1940.-С.8-10.

Опыт изучения пироплазмозной ситуации Джамбульского района Казахской ССР//Труды КазНИВИ.-Т.З.-Алма-Ата, 1940.-С.10-17.;

Пироплазмозы и качественное улучшение животноводства в

Казахстане//Труды КазНИВИ.-Т.З.-Алма-Ата, 1940.-С.17-20.;

Дезинсекталин как средство ‘борьбы с клещами – переносчиками пироплазмозов сельскохозяйственных животных в зимних условиях//Труды КазНИВИ.-Т.З.-Алма-Ата, 1940.-С.ЗЗ-43.;

Диагностика тейлериозов крупного рогатого скота методом обогащения// Труды КазНИВИ.-Т.З .-Алма-Ата.-1940.-С.59-64.;

Профилактические и лечебные свойства пироплазмина при тейлериозе крупного рогатого скота//Труды КазНИВИ.-Алма-Ата, 1940.-Т.4.-С.193-201.;

О применении некоторых химических средств для борьбы с иксодовыми клещами//Труды КазНИВИ.-Т.5.-Алма-Ата, 1950.-С.244-248.;

Итоги научно-исследовательской работы по лечению чесотки овец в Казахстане//Труды КазНИВИ.-Т.З.-Алма-Ата, 1950.-С.249-252.

Алматы, Райымбек даңғылы, 223

+7 (727) 2337271

kaznivialmaty@mail.ru