Сынақ орталығы

Сынақ орталығы (СО) «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, СО туралы Ереже негізінде жұмыс істейді.

Сынақ орталығы аккредиттелген:

– ҚР ҰАО 2013 жылы МЕМСТ ИСО/МЭК 17025-2009 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» (28.06.2013 ж. № KZ.И.02.1395 аккредиттеу аттестаты). Біріктірілген ILAC MRA және NCA белгісі алынды.

– 2015 жылы аккредиттеу саласы 8 позиция бойынша кеңейтілді (26.06.2015 жылғы өзгертулермен, № KZ.И.02.1395 аккредиттеу аттестаты)

– 2017 жылы аккредиттеу саласы 11 позиция бойынша кеңейтілді (17.03.2017 жылғы өзгертулермен № KZ.И.02.1395 аккредиттеу аттестаты)

– 2018 жылы Сынақ орталығы, МЕМСТ ИСО/МЭК 17025-2009 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкестігіне қайта аккредитациядан өтті (02.10.2018 ж. № KZ.Т.02.1395 аккредиттеу аттестаты)

– 2020 жылы стандарттың жаңа нұсқасына көшуге байланысты, Сынақ орталығы ҚР СТ ISO/IEC 17025-2018 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкестігіне жаңа аккредиттеу аттестатын алды (12.03.2020 ж. № KZ.T.02.1395 аккредиттеу аттестаты), содан кейін МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне жалпы талаптар» талаптарына сәйкестігіне жаңа аккредиттеу аттестатын алды (26.05.2020ж. № KZ.T.02.1395 аккредиттеу аттестаты)

– 2020 жылы аккредиттеу саласы 2 позиция бойынша кеңейтілді: нодулярлы дерматит, құс тұмауы (30.12.2020 жылғы өзгертулермен № KZ.T.02.1395 аккредиттеу аттестаты).

– 2021 жылы бактериология, вирусология және бруцеллез зертханалары МЕМСТ ISO/IEC 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруге қойылатын негізгі талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттеліп, жаңа аккредиттеу аттестаты алынды (03.11.2023 ж. №KZ.С.02.Е0651 аккредиттеу аттестаты)

– 2023 жылы МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 “Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар” талаптарына сәйкестігі бойынша 2028 жылға дейін жаңа аккредиттеу аттестаты  алынды (17.11.2023 ж. №KZ.Т.02.1395 аккредиттеу аттестаты)

Патогенділігі II-IV топтардағы микроорганизмдермен жұмыс жүргізу үшін

институт, патогенділігі II-IV топтардағы бактериялық қоздырғыштармен, патогенділігі II-IV топтардағы вирустық қоздырғыштармен және қоздырғышпен жұқтырылған немесе олардың болуына күдікті материалмен диагностикалық, өндірістік және тәжірибелік жұмыстар жүргізу үшін ҚР ДСМ биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның (режимдік комиссияның) эксперименттік, диагностикалық және патогенділігі II, III, IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен өндірістік жұмыстар жүргізу үшін, ҚР ДСМ 08.09.2017 жылғы № 684 бұйрығымен бекітілген “Потенциалды қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитарлық ережелеріне зертханалық ғимараттардың сәйкестігіне ҚР ДСМ ССЭК Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің оң қорытындысын алды. Прекурсорлар айналымына байланысты қызметке мемлекеттік лицензия (19.08.2020 ж. № 20011977), улармен жұмыс істеуге лицензия (04.12.2019 ж. № 19023432), қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат (30.09.2015 ж. №0004435) алынды.

СО құрылымы: вирусология зертханасы, бактериология, паразитология және микология зертханасы, бруцеллез зертханасы, молекулярлы генетика және тағам қауіпсіздігі зертханасы. Сынақ орталығының ұйымдастырушылық құрылымы жауапты орындаушылар арасында жұмыстарды нақты бөле отырып, жұмыс істеудің қолайлы жағдайларын қамтамасыз етеді. Сынақтарды өткізуге арналған бөлмелер стандарт талаптарына сай. Аккредиттеу саласына сәйкес жұмыстарды жүргізу үшін сынақ орталығы ең жаңа, техникалық жарамды, сенімді және аттестатталған жоғары дәлдіктегі жабдықтар мен қондырғылармен жабдықталған. Сынақ орталығының барлық қызметкерлерінің аккредиттеу саласына сәйкес жұмысты орындау үшін қажетті арнайы кәсіби дайындығы, техникалық білімі мен тәжірибесі бар.

Сынақ орталығының қызметкерлері құрамы бойынша жеткілікті, лауазымдық нұсқаулықтар мен сапа жүйесінің құжаттарына сәйкес жұмыс атқарады. Сынақ орталығының қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарында оқытылады, басқа аккредиттелген сынақ зертханаларында, ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтеді; көрмелер, семинарлар мен конференциялар жұмысына қатысады. Біліктілікті арттыру Қазақстанда да, шетелде де жүргізіледі: Ресейде, Грузияда, ҚХР-да, Түркияда, Бельгияда, Англияда, Германияда, Францияда, Польшада, Оңтүстік Кореяда, Швейцарияда. Сынақ орталығы жұмыстарды аккредиттеу саласына сәйкес сыналатын өнімге қойылатын талаптарды және сынау әдістерін реттейтін нормативтік құжаттармен; жабдықтарға қойылатын талаптарды және оларды пайдалану тәртібін реттейтін техникалық құжаттармен; ұйымдастырушылық-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етілген. Сынақ орталығының ұжымы өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын! Сіз оның қызметкерлерінің жоғары біліктілігі мен техникалық сауаттылығын, тапсырыс берілген жұмыстарды орындаудағы жеделдігін, сенімділігі мен жоғары беделін бағалайсыз!

Алматы, Райымбек даңғылы, 223

+7 (727) 2337271

kaznivialmaty@mail.ru