Халықаралық ынтымақтастық

Қытай, СУАР, Үрімші

Мал шаруашылығы ғылымдары академиясының ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты

Жануарлардың бруцеллезі мен эхинококкозы кезіндегі диагностикумдарды әзірлеу, енгізу және сынақтан өткізу бойынша бірлескен ҒЗЖ

Франция, Париж, Халықаралық эпизоотиялық бюро

Аса қауіпті инфекциялар бойынша ҚР аумағының еркін мәртебесін алуға арналған досьені қалыптастыру, аусылды бақылаудың ұлттық бағдарламасын әзірлеу және валидациялау, бруцеллезге, лейкозға қарсы күрес стратегиясын жаңарту және т.б. бойынша техникалық қолдау

Ұлыбритания, Пирбрайт, Жануарлар денсаулығы институты

Орталық Азия елдерінің аумағында кездесетін аусыл вирусын идентификациялау және индикациялау үшін генспецификалық тест-жүйелерді әзірлеу. Аусыл бойынша ҚР аумағының әл-ауқатын растау, ҚР-да қолданылатын вакциналардың сапасын анықтау бойынша бірлескен зерттеулер

Ұлыбритания, Вейбридж, Өсімдіктер мен жануарлардың денсаулық сақтау агенттігі

Құс тұмауы және Ньюкасл ауруы бойынша ХЭБ референс-зертханасының статусын алу мақсатындағы твиннинг-жобалар

Италия, Турин, Зоопрофилактика институты

Бөлініп алынған бруцелла өсінділерін және ҚР аумағында кездесетін 160 бруцелла коллекциялық штаммдарын молекулярлық-генетикалық типтеу. Дәйексөз индексі бар ғылыми басылымдар

Швейцария, Цюрих, Ветсуиссе эпидемиология институты Цюрих университетінің факультеті

Зооноздық инвазиялардың эпидемиологиясы. Дәйексөз индексі бар ғылыми басылымдар

Польша, Пивет, Ұлттық Ветеринариялық Зерттеу Институты ІҚМ лейкозы вирусын молекулалық талдау

ІҚМ энзоотиялық лейкозын диагностикалау үшін оң стандартты сарысу әзірлеу

Франция, Тулуза, Тулуза жоғары Ұлттық ветеринариялық мектебінің эпидемиология курстары

Аса қауіпті инфекциялар эпидемиологиясы курстары

ҚХР, Қытай, Янлин, Шэньси провинциясы, Ауыл шаруашылығы және Орман шаруашылығының Солтүстік-Батыс университеті

Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау әдістері мен стандарттарын оқыту бойынша бірлескен зерттеу бағдарламалары мен ғылыми тағылымдамалар. Институт зертханасын халықаралық аккредиттеу және ҚХР-ға экспортталатын ет өнімдерінің сапасын бағалау

Бельгия, Брюссель, Sciensano

ҚР аумағында кездесетін нодулярлы дерматит вирусының молекулалық эпидемиологиясы. ІҚМ нодулярлы дерматитіне қарсы вакциналардың сапасын анықтау бойынша бірлескен жұмыстар

Ресей, Владимир," Жануарлар денсаулығын қорғаудың Федералды орталығы "

Институттың жас ғалымдарының ЖДҚФО (ФЦОЗД) аспирантурасында оқыту және ғылыми тағылымдамалар

Ресей, Новосибирск, Сібір және Қиыр Шығыстағы эксперименттік ветеринария институты

Ғылыми монографиялар басылымдары, паразитология бойынша оқу құралдары

Ресей, Владимир, "БиоХимФарм" ЖШҚ

Жабайы етқоректі жануарларға арналған жем-брикеттерде құтыруға қарсы вакцина жасау технологиясын дайындау бойынша бірлескен жоба

Алматы, Райымбек даңғылы, 223

+7 (727) 2337271

kaznivialmaty@mail.ru