Институттың ғылыми және өндірістік потенциалы

0
ғылыми қызметкер
0
магистр
0
құрылымдық бөлімше
0
ғылым докторы
0
ғылым кандидаты
0
филиал
0
PhD докторы
0
докторант

Зертханалар

Бактериология зертханасы

  • ТОЛЫҒЫРАҚ

    Бактериология зертханасының меңгерушісі – ветеринария ғылымдарының кандидаты Оспанов Ержан Калиолдинұлы

    Бактериология зертханасы 2012 жылы жылқы және түйе аурулары (1931 ж.), ірі қара мал аурулары (1932 ж.), қой аурулары (1956 ж.) және туберкулез (1974 ж.) зертханаларының негізінде құрылды.

    Осы жылдар ішінде зертханаларды С.Ж. Тулепбаев, А.Р. Сансызбай, А.Б. Бижанов, Б.Ш. Каратаев, В.С. Анисимов, В.М. Петров, Л.А. Афанасьев, Ю.М. Горелов, К.С. Шманов, Ф.Е. Сембина, Б.Ф. Керимжанова, К.А. Тургенбаев басқарды.

    Зерттеу бағыты мен міндеттері:

    – аса қауіпті аурулар бойынша ел аумағының эпизоотологиялық сипаттамаларын зерттеу және олардың тиімділігін арттыру үшін ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды әзірлеу;

    – жануарлардың бактериялық этиологиялы ауруларын диагностикалау, алдын алу және емдеу құралдары мен әдістерін әзірлеу;

    – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінің қағидалары мен рәсімдеріне, МЕМСТ ИСО/МЭК 17025, МЕМСТ ISO/IEC 17043, Қазақстан Республикасының ветеринариялық Заңнамасына, ұйымның мәлімделген стандарттарына және мемлекетаралық стандарттарға сәйкес мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес сынақтар жүргізу;

    – ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылатын микроорганизмдердің өндірістік штаммдарын бірқалыпта ұстап тұру.

    Бактериология зертханасының негізгі қызметі – бактериялық этиологиядағы жануарлар ауруларын диагностикалау, алдын алу және емдеу құралдары мен әдістерін әзірлеу және жетілдіру, бактериялық аурулар бойынша эпизоотиялық жағдайды талдау, сондай-ақ ҚР аумағында аса қауіпті аурулардың эпизоотиялық штаммдарының айналымын белгілеу болып табылады.

    Негізгі жетістіктер

    Бактериология зертханасының қызметкерлері, ҚР Ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізіміне енгізілген және мемлекеттік тапсырыс бойынша және ББ 019 арқылы тәжірибеге енгізілетін препараттарды әзірледі, бұл ветеринария дәрігерлеріне жануарлар популяциясы арасында бактериялық инфекциялардың таралуын тиімді бақылауға және алдын алуға мүмкіндік береді.

    Биелердің сальмонелла түсігіне қарсы құрғақ тірі вакцина, № РК-ВП-1-5001-23.

    Бұзаулар сальмонеллезіне қарсы тірі құрғақ вакцина, № РК-ВП-1-3713-18.

    Жылқы сақауына қарсы вакцина, № РК-ВП-1-1628-11.

    Жануарлардың сібір жарасына қарсы «55-ВНИИВВиМ» штаммынан алынған тірі сұйық вакцина, № РК-ВП-1-3950-19.

    Жануарлардың некробактериозына қарсы сұйық инактивтендірілген вакцина, № РК-ВП-1-5229-24.

    Туберкулезді аллергиялық диагностикалауға арналған ППД Туберкулин, № РК-ВП-2-4197-20.

    Сібір жарасы кезінде ветеринариялық нысандарды және топырақты залалсыздандыруға арналған дезинфекциялық құрал, № РК-ВП-5-4305-20.

    Жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша бактериология зертханасы 350-ден астам ғылыми мақала

    жариялады, оның ішінде Scopus және Web of Science базасына кіретін, халықаралық дәйексөз басылымдарында 22 мақала, 8 монография, 17 ұсыныс, 7 плакат, буклеттер және брошюралар шығарылды. Түрлі биопрепараттарға 16 нормативтік-техникалық құжаттар бекітілді және дайындалды, 62 авторлық куәлік алынды, 4 докторлық, 35 кандидаттық, 1 PhD, 7 магистрлік диссертация қорғалды.

    Қызметкерлерде Web of Science және Scopus бойынша Хирш индексі бар – 1-ден 4-ке дейін.

    Зертхана қызметкерлері тұрақты түрде ҚР шаруашылық субъектілеріне ветеринариялық салауаттылықты қамтамасыз ету саласында ғылыми-кеңестік және практикалық көмек көрсетеді.

    Ғылыми басылымдар

    1. Сущих В.Ю., Султанов А.А. Почвенные очаги сибирской язвы на территории Казахстана, обустройство, содержание, классификация. – Монография, Алматы, – 199 с.
    2. Султанов А.А., Абдыбекова А.М., Сущих В.Ю. Кадастр почвенных очагов сибирской язвы на территории Республики Казахстан. – Алматы, 2017. – 256 с.
    3. Mussayeva, N. Yegorova, M. Yerishov, A. Dossanova, V. Suchshikh, A. Namet, S. Siyabekov, S. Nussupova, B. Yespembetov and N. Syrym. Molecular-Biological Properties of the Attenuated Strain of Salmonella Abortus-Equi E-841, used in the Creation of a Vaccine against Abortion of Mares // American Journal of Animal and Veterinary Sciences – 2021. – 16 (2): 144.150. Q 3, Per 35. DOI: https://doi.org/10.3844/ajavsp.2021.144.150

    4. Assiya Mussayeva, Natalya Yegorova, Aidar Namet, Mazhit Kozhabayevb, and Nazym Syrym. Salmonella sheep abortion: Distribution, diagnosis, and control measures // Journal of applied animal

    welfare science https://doi.org/10.1080/10888705. 2023. -2214272.-р. 2-15.

    1. Мусаева А.К., Егорова Н.Н., Шакибаев Е., Утегенова М.Е. Анаэробная энтеротоксемия. – Ж. Ғылым және білім. Научно-практический журнал Западно-Казахстанского аграрно-технического универсистета им. Жангир хана. – 2023. – №1-1 (70). – С. 189-198.
    2. Tuberculosis prevalence in animals and humans in the Republic of Kazakhstan.Turgenbayev, K.A., Borsynbayeva, A.M., Plazun, A.A., Turgenbayev, R.K. Veterinary Worldthis link is disabled. – 2021. – 14(9), С. 2362–2370.
    3. Борсынбаева А.М., Башенова Э.Е., Тургенбаев К.А., Маманова С.Б., Лысенко А.П., Кучвальский М.В., Туғанбай А.А. Выделение микобактерий туберкулеза с дефектной клеточной стенкой из сывороток лейкозных коров. «Наука и образование». – 2023. – Т. 2, №2-2 (71). – C. 21-31. DOI52578/2305-9397-2023-2-2-21-31.
    4. Сущих В.Ю., Юсупов М.Р., Канатов Б., Дюсенов С. Иммунологический статус у животных, после применения сибиреязвенной вакцины//Национальная ассоциация ученых. – Санкт-Петербург. – 2022. – Т.1. – № 77. – С. 10-18.
    5. Сущих В., Егорова Н., Розямов А., Дюсенов С. Определение оптимальной дозы введения инактивированной вакцины против некробактериоза для крупного рогатого скота // International independent scientific journal. – 2022. – Р. 26-28.
    6. Mussayeva, A., Yegorova, N., Yerishov, M., Yespembetov, B., Syrym, N., Suchshikh V. Molecular-biological properties of the attenuated strain of salmonella abortus-equi E-841, used in the creation of a vaccine against abortion of mares // American Journal of Animal and Veterinary Sciences – – 16(2). – Р. 144–150.

    11.Suchshikh V., Каrimov А., Yuesupov M., Аitzhanov B., Abytalip A., Myssaeva A., Yegorova N., Mamanova S., Kanatov B. Effectiveness of different means of disinfection against soil foci of anthrax (Bacillus 

    anthracis) burials at a depth of up to 3.5 m: an experimental study // Caspian Journal of Environmental Sciences. – 2023. – №4. – Р. 893-902.

    e-mail: ergan_68@mail.ru

  • Бруцеллез зертханасы

  • ТОЛЫҒЫРАҚ

    Бруцеллез зертханасының меңгерушісі – ветеринария ғылымдарының кандидаты Бакиева Флюра Альбертовна.

    Бруцеллез зертханасы 1938 жылы наурызда ашылды. Зертхананы әртүрлі уақытта ғалымдар – И.П. Дербеденев (1942-1946 жж.), К.С. Омаров (1946-1956 жж.), К.П. Студенцов (1956-1975 жж.), Н.П. Иванов (1975-1998 жж.), В.Б. Тен (1998-2009 жж.), Ш.А. Барамова (2009-2015 жж.), А.Ж. Мырзалиев (2015-2018 жж.), Д.Н. Чарыпхан (2018-2019 жж.), М.М. Маталипова (2019-2020 жж.), А.А. Адамбаева (2020-2023 жж.) басқарды. 2024 жылдан бастап бруцеллез зертханасын Ф.А. Бакиева басқарады.

    Зерттеу бағыттары мен міндеттері:

    – Қазақстан Республикасының аумағында бруцеллалардың эпизоотиялық штаммдарының айналымын және олардың көшіп-қону жолдарын белгілеу мақсатында мал шаруашылығы саласын дамытудың қазіргі жағдайындағы эпизоотиялық ахуалдың мониторингі;

    – зертхана мұражайындағы бруцелла генофондын сақтау, көбейту және тиімді пайдалану; республиканың әртүрлі өңірлеріндегі жануарлардан бөлінген өсінділердің биологиялық қасиеттерінің ерекшеліктерін зерттеу;

    – жануарлардың бруцеллез инфекциясымен күресуге бағытталған жоғары тиімді диагностикалық және емдік-профилактикалық препараттарды алу технологиясын әзірлеу және жетілдіру;

    – ветеринариялық практикада қолдану үшін, бруцеллез зертханасында жасалған, жануарлардың бруцеллезін

    диагностикалау мен алдын алудың жоғары тиімді құралдарын қамтитын бруцеллезге қарсы іс-шараларды әзірлеу.

    Бруцеллез зертханасының негізгі қызметі – жоғары тиімді диагностикалық және емдік-профилактикалық препараттарды, сондай-ақ жануарлардың әртүрлі түрлері арасында бруцеллез инфекциясының пайда болуы мен таралуын болдырмау мақсатында оларды ветеринариялық практикада қолдану әдістерін қамтитын іс-шаралардың ғылыми-негізделген жүйесін әзірлеу және жетілдіру болып табылады.

    Негізгі жетістіктер

    Бруцеллез зертханасы жүргізген ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша 600-ден астам ғылыми мақалалар, 40-тан астам ұсыныстар, 6 монография, 10 плакат пен буклеттер жарияланды, 10 брошюралар шығарылды, 15 докторлық және 65 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Түрлі биопрепараттарға 10-нан астам нормативтік-техникалық құжаттар бекітіліп, дайындалды, 70-тен астам авторлық куәлік алынды.

    Ғылыми зерттеулердің нәтижесі – әртүрлі жылдары әзірленген “Республикада ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралардың ғылыми-негізделген жүйесі” болып табылады (А.А. Студенцов, А.Я. Дзержинский, И.Ф. Задорожный, А.Б. Бельченко, Н.П. Иванов, В.А. Клименко, М.С. Сарсенов, А.А. Султанов, В.Б. Тен, Ш.А. Барамова, Р.Д. Сейдахметова, К.И. Минжасов, А.Л. Воробьев, Н.Н. Зинина, Е.С. Хасенов).

    Профессор А.А. Абуталиптің жетекшілігімен авторлармен бірлесіп, Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның (ХЭБ) талаптарына сай “Жануарлар бруцеллезімен күрес стратегиясы” әзірленді.

    Профессор Ш.А. Барамованың жетекшілігімен, жануарларды бруцеллезге серологиялық зерттеуге арналған диагностикалық препараттар әзірленіп, ұсынылды, олардың 5-де ҚР АШМ тіркеу куәліктері бар және мемлекеттік тапсырыс бойынша сатылады. B. melitensis және B. abortus түрлерімен залалданған жануарларды анықтауға арналған ПТР тест-жүйесінің отандық диагностикалық жиынтығы жасалды. Бұл жинақты диагностикалық ветеринариялық зертханаларда қолдану, адамдар мен жануарлар үшін ең патогенді бруцеллалардың екі негізгі түрін тез ажыратуға мүмкіндік береді.

    “Тандемдік қайталанулардың түрленетін санын  мультилокусты талдау (MLVA) арқылы, ҚР аумағында айналымдағы бруцелла штаммдарын молекулярлық-генетикалық типтеу” ғылыми жобасы бойынша, жануарлар биоматериалдарынан бөлініп алынған бруцелла изоляттарының генотиптік сипаттамалары анықталды.

     

    Қазіргі уақытта Istituto Zooprofilattico Sperimentale Abruzzo e Molise “G. Caporale”-мен (Teramo қ., Италия), бруцеллез кезінде диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін ұлттық стандартты сарысуды әзірлеу бойынша бірлескен зертханааралық салыстыру сынақтарын жүргізу саласында ынтымақтастық орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    Ғылыми басылымдар

    1. Grushina T., Atshabar B., Syzdykov M., Daulbaeva S., Tserelson L., Kuznetsov A., Baramova Sh., Seidakhmetova R., Sultanov A., Ospanov Y., Mikhalev A., Amireev S., Ospanov K., Kazakov S., Mizanbayeva S., Myrzabekov A., Rementsova M., Berezovskiy D., Akasheva R., Khasenov M., Nussipova Zh., Yu W., Nielsen K. Universal indirect enzyme-linked immunosorbent assay for monitoring of human and animal brucellosis in Kazakhstan // Vaccine. – 2010. – V.28 (Suppl.5). –

    1. F46-F48. doi: 10.1016/j.vaccine.2010.03.052. Epub 2010 Apr 1. PMID: 20362617.
    2. Duriya Charypkhan, Akhmetzhan A. Sultanov,P Ivanov, Sh. A. Вaramova, Torgerson P.R. Economic and health burden of brucellosis in Kazakhstan // Journal Zoonoses Public Health.-2019. Р.1-8 (IF-2,688).
    3. Адамбаева А.А., Мырзалиев А.Ж., Түсіпқанұлы О., Кыдырова Г.Н. Способ получения бруцеллезной сыворотки для проведения диагностических исследовании при бруцеллезе животных // Научно-практический журнал «Ученые записки» Казань, РФ. – 2023. – T. 253 (1), – С. 10-16. DOI 10.31588/ 2413_4201_1883_1_253_10.
    4. Adambayeva A.A., Sultanov A.A., Nam I.Ya., Zayakin V.V. Allelic polymorphisms of the BoLA-DRB3 gene and resistance to brucellosis in Kazakh cattle // Veterinaria Italiana, Istituto Zooprofilattico Sperimentale dell’Abruzzo e del Molise, Teramo, Italy – 2022. – V. 58(2), ISSN 1828-1427, Р. 225–230. DOI assigned is: 10.12834/VetIt.2528.15313.1.
    5. Abutalip A.A., Daugaliyeva A.T., Otarbayev B.K., Daniyal A.K. Comparative effectiveness of methods of indication and identification of pathogens of brucellosis of animals / Scientific and practical journal of Zhangir Khan West Kazakhstan Agrarian – Technical University, 2022. – № 3-1 (68). – Р. 148-156.
    6. Барамова Ш.А., Абуталип А.А., Канатбаев С.Г. Айткулова А., Атовулозода Р.А., Расулов С.А., Раджабов Х.И. Анализ эпизоотической ситуации по бруцеллезу КРС в Республике Казахстан за последние 3 года // Известия Академии наук Республики Таджикистан. Отделение биологических и медицинских наук. – Душанбе, 2020. – №2 (209). – С. 68-78.
    7. Ә. Әбутәліп, А.Ж. Мырзалиев, О. Түсіпқанұлы, Г. Қыдырова. Жануарлар бруцеллезін КБР балау тиімділігі // Научный журнал «Биобезопасность и биотехнология» РГП «НИИПББ». – 2020. – №1. – С 12-45.

    8. Барамова Ш.А., Расулов С.А., Тураев Р.А., Мырзалиев А.Ж., Раджабов Х.И., Мирзоев Д.М. Эффективность единого цветного антигена КазНИВИ при диагностике бруцеллеза животных //

    Известия Академии наук Республики Таджикистан. – Отделение биологических и медицинских наук. – Душанбе, 2019. – №3 (206). – С. 67-73.

    1. Даугалиева А.Т., Барамова Ш.А., Усербаев Б.С., Адамбаева А.А., Даугалиева С.Т., Айтлесова Р.Б. Генетическое разнообразие штаммов Brucella melitensis и Brucella abortus, выделенных от людей и животных различных областей Казахстана // Ж. «Микробиология и вирусология». – Алматы, 2019. – №1 (24). – С. 24-32.
    2. Daugaliyeva A., Sultanov А.А., Usserbaev D., Baramova Sh., Adambaeva А. et al. Genotyping of Brucella melitensis and Brucella abortus strains in Kazakhstan using MLVA-15» // Journal Infection, Genetics and Evolution. – 2018. – V. 58. – Р. 135-144.
    3. А. Abutalip, N. Matikhan, S. Kanatbayev, M. Bazarbayev, V. Vorobyov. Analysis of efficiency of vaccines against brucellosis in cattle in the republic of Kazakhstan // Asian journal of Pharmaceutical and Clinical Research. – 2017. – V. 10б, lssue 6. DOI: 10.22159/ajpcr.2017.v10i6.16594.
    4. Современные проблемы ветеринарной медицины / – Учебник в четырех томах / Беркинбай О., Абуталип А., Канатбаев С.Г., Хусаинов Д.М. – Алматы, 2017. – 868 с.

    e-mail: flurachka-78@mail.ru

  • Вирусология зертханасы

  • ТОЛЫҒЫРАҚ

    Вирусология зертханасының меңгерушісі-ветеринария ғылымдарының кандидаты Кирпиченко Владимир Владимирович.

    Вирусология зертханасы 2012 жылы Аусылды зерттеу зертханасын (1936 ж.), құс аурулары зертханасын (1961 ж.) және вирусология зертханасын (1959 ж.) біріктіру арқылы құрылған.

    Вирусология зертханасының бірінші басшысы және негізін қалаушы, ветеринария ғылымдарының кандидаты А.А. Пальгов болды, содан кейін оны ветеринария ғылымдарының докторы, профессор К.Н. Бучнев және ветеринария ғылымдарының докторы Г.А. Коломакин басқарды.

    1974 жылдан 1995 жылға дейін зертхананы ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Н.Н. Гизитдинов; 1995-1998 жылдары – биология ғылымдарының кандидаты Ж.О. Өміржанов; 1998-2000 жылдары – ветеринария ғылымдарының кандидаты Л.Б. Кутумбетов; 2000-2004 жылдары – ветеринария ғылымдарының кандидаты Ю.Х. Бахтахунов; в 2004-2012 жж. – ветеринария ғылымдарының кандидаты А.А. Абишов; 2012-2018 жылдары –ветеринария ғылымдарының докторы, доцент Л.Б. Кутумбетов; 2019-2022 жылдары – ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі М.А. Садуакасова басқарды. 2023 жылдан бастап вирусология зертханасын ветеринария ғылымдарының кандидаты В.В. Кирпиченко басқарады.

    Зерттеу бағыттары мен міндеттері:

    Ауруларды диагностикалау: ПТР (полимеразды тізбекті реакция), ИФА әдістері арқылы ауру қоздырғыштарын анықтау, сондай-ақ вирусологиялық өсінділерде вирусты бөліп алу.

    Аурулардың мониторингі: жұқпалы аурулардың жануарлар арасында, ел ішінде де, одан тыс жерлерде де таралуын белсенді ақпараттық мониторингтеу және ауру туралы деректер беру.

    Зерттеулер мен әзірлемелер: вирусология зертханасы диагностиканың жаңа әдістерін, ұлттық стандарттарды, вакциналарды, жануарлардың жұқпалы ауруларымен күресу стратегиялары мен әдістерін әзірлеуге бағытталған ғылыми зерттеулермен айналысады.

    Оқыту және кеңес беру: вирусология зертханасы ветеринариялық мамандарға, студенттерге және магистранттарға арналған оқу бағдарламаларын ұсынады және жұқпалы ауруларды диагностикалау және күресу бойынша тәжірибеден өтуші ветеринарлар мен шаруашылық субъектілерге кеңес береді.

    Талдау және болжау: зертхана эпизоотологиялық мониторинг пен деректерді талдауға қатысады, бұл аурудың өршуін уақтылы анықтауға және алдын алуға, сондай-ақ олардың ықтимал дамуын болжауға мүмкіндік береді.

    Негізгі жетістіктер:

    Зертхана жұмыс істеген кезеңдерде қызметкерлер әзірледі және енгізді:

    – аусылмен күресу жөніндегі нұсқаулыққа енген реконвалесценттердің цитрирленген қанын және аусылға қарсы сарысуын дайындау әдісі;

    – агар гелінде ПР көмегімен құтыруды диагностикалау әдісі;

    – иттердің құтыруына қарсы гомологиялық антирабиялық вакцина;

    – ІҚМ төлінің вирустық респираторлық және асқазан-ішек ауруларының алдын алу шаралары мен емдеу құралдары;

    – 85-90% профилактикалық және емдік әсері бар, бұзау пневмоэнтеритіне қарсы поливалентті иммунолакто сарысуы;

    – жылқылардың герпесвирустық инфекциясына, қояндардың вирустық геморрагиялық ауруына, қой шешегіне және ешкі шешегіне қарсы вакцина дайындау технологиялары;

    – жануарлардың жұқпалы ауруларымен, оның ішінде аса қауіпті аурулармен күресуге және алдын алуға бағытталған 12 әдістемелік ұсыныс;

    – жануарлар аусылымен күресу Стратегиясы;

    – құс тұмауы бойынша Өзін-өзі декларациялау;

    – ірі қара малдың лейкозына арналған стандартты ұлттық сарысулар панелі;

    – РТ-ПТР-да құс тұмауының вирусын анықтауға арналған диагностикалық тест-жүйе.

    Вирусология зертханасының патогенділіктің II-IV топтар

    ының қоздырғыштарымен жұмыс істеуге рұқсаты бар, ISO/IEC – 17025-2019 стандарттары бойынша аккредиттелген, диагностикалық зертханалардың біліктілігін тексерудің провайдері болып табылады және республикалық және халықаралық деңгейлерде салыстыру сынақтар жүргізеді.

    Зертхана жүргізетін зерттеулер (аккредиттеу саласы):

    нақты уақыт режимінде RT-ПТР арқылы А типті құс тұмауы вирусының РНҚ-сын анықтау;

    нақты уақыт режимінде RT-ПТР әдісімен H5 және H7 кіші типті құс тұмауы вирусының РНҚ-сын анықтау;

    Ньюкасл ауруы вирусының РНҚ-ны RT-ПТР әдісімен нақты уақыт режимінде анықтау;

    иммуноферменттік әдіспен құс тұмауы вирусына антиденелерді анықтау;

    гемагглютинацияның тежелу реакциясында Ньюкасл ауруы вирусына антиденелерді анықтау;

    гемагглютинацияның тежелу реакциясында құс тұмауы вирусына антиденелерді анықтау;

    Ньюкасл ауруы вирусына антиденелерді иммуноферменттік әдіспен анықтау;

    ІҚМ лейкозы вирусына антиденелерді иммуноферменттік әдіспен анықтау;

    иммуноферменттік әдіспен нодулярлы дерматит вирусына антиденелерді анықтау;

    құстардың жұқпалы ларинготрахеит вирусына антиденелерді анықтау;

    құстардың жұқпалы бронхит вирусына антиденелерді анықтау.

    “ІҚМ лейкозы бойынша ДЖҚҚ ұлттық референттік зертханасы” (Пивет қ., Польша), Пирбрайт институтының (Ұлыбритания) аусыл бойынша ДЖҚҚ /ФАО, “ВНИИЗЖ” ФМБУ (Ресей) ветеринариялық ҒЗИ-мен ғылыми байланыстар ұйымдастырылды.

    Ғылыми басылымдар:

    1. Turgenbaev K.A, Abdybekova, A.M, Borsynbayeva, Kirpichenko V.V, Aiken S. Karabassova, Yerzhan Ospanov Saltanat Mamanova Perizat Akshalova Elvira Bashenova Saira Kaymoldina Marat Turkeev Bakhit Tulepov. Development and planning of measures to reduce the risk of the foot-and-mouth disease virus spread (case of the Republic of Kazakhstan). // Caspian journal of Environmental Sciences, ISSN 1735-

    1. – July 2023. – Volume 21, Issue 3. – P. 561-573. doi.10.22124/CJES.2023.6933.
    2. Aneta Pluta, Tasia Marie Taxis, Frank van der Meer, Sulav Shrestha, Dominic Qualley, Paul Coussens, Marzena Rola-Łuszczak, Anna Ryło, Ali Sakhawat, Saltanat Mamanova, and Jacek Kuźmak. An immunoinformatics study reveals a new BoLA-DR-restricted CD4+ T cell epitopes on the Gag protein of bovine leukemia virus. // Sci Rep 13, 22356 (2023). https://doi.org/10.1038/s41598-023-48899-4. (Q1 в WoS, процентиль 78)
    3. Кирпиченко В.В., Бакиева Ф.А., Маманова С.Б., Оспанов Е.К., Каймолдина С.Е. Эпизоотическая ситуация по инфекционному ринотрахеиту крупного рогатого скота в Карагандинской области, Республика Казахстан, в 2021-2022 годах // Ветеринария сегодня. – 2023-09 DOI: 10.29326/2304-196X-2023-12-3-233-239
    4. Ospanov Y.K., Kanatbayev S.G., Akshalova P.B., Mamanova S.B., Bashenova E.E., Karabassova A.S., Kaymoldina S.Y. Risks of occurrence and spread of lumpy skin disease virus in the republic of kazakhstan // Научно-практический журнал Западно-Казахстанского аграрно-технического университета имени Жангир хана «Ғылым жəне білім». – 2023. – №1-1/70. – С.. 97-105. https://doi.org/10.52578/2305-9397-2023-1-1-97-105.
    5. Карабасова А.С., Тургенбаев К.А., Оспанов Е.К., Башенова Э.Е., Маманова С.Б., Алиханов К.Д., Жусупбеков Ж.С., Туркеев М.К., Борсынбаева А.М. Иммуногенность противоящурных вакцин применяемых в Казахстане. // Научнo-практический журнал Западно-Казахстанского аграрно-технического университета имени Жангир хана, «Ғылым және білім». – 2023. – Т. 2. – №2-2(71). С. 39-47,

    6. Кирпиченко В.В., Бакиева Ф.А., Маманова С.Б., Оспанов Е.К., Каймолдина С.Е. Эпизоотическая обстановка по инфекционному ринотрахеиту крупного рогатого скота в Карагандинской области Республики Казахстан в 2021–2022 гг. // Ветеринария сегодня. ФГБУ «Федеральный центр охраны здоровья животных». Москва,

    2023; – 12(3): – С. 233–239. DOI: 10.29326/2304-196X-2023-12-3-233-239.

    1. Башенова Э.Е., Нисанова Р.К., Жусупбеков Ж.С., Бегасыл К.С., Садуакасова М.А., Қарабасова А.С., Алиханов Қ.Д. «Құс тұмауы вирусына антиденелерді анықтау үшін серологиялық әдістерді кешенді пайдалану және стандартты қан сарысуына үлгілерді таңдау» // в Науч.- практ. Журнал ЗКАТУ имени Жангир хана «Ғылым және білім» – 2023. – Т. 3. – № 2-1 (71). – С.29-36.
    2. Akhmetzhan Sultanov, Marzena Rola-Łuszczak, Saltanat Mamanovа, Anna Ryło, Zbigniew Osi ́nski, Meruyert A. Saduakassova, Elvira Bashenova and Jacek Ku ́zmak. Molecular Characterization of Bovine Leukemia Virus with the Evidence of a New Genotype Circulating in Cattle from Kazakhstan // Journal Pathogens. – 2022. – Р 11(2):180. (https://doi.org/10.3390/pathogens11020180).
    3. Nesterov, A.; Mazloum, A.; Byadovskaya, O.; Shumilova, I.; Van Schalkwyk, A.; Krotova, A.; Kirpichenko, V.; Donnik, I.; Chvala, I.; Sprygin, A. Experimentally controlled study indicates that the naturally occurring recombinant vaccine-like lumpy skin disease strain Udmurtiya/2019, detected during freezing winter in northern latitudes, is transmitted via indirect contact // Frontiers in Veterinary Science. – 2022. DOI: 10.3389/fvets.2022.1001426.
    4. Aiken S. Karabassova, Akhmetzhan A. Sultanov, Meruyert A. Saduakassova, Donald P. King, Anna B. Ludi, Clare F. J. Browning and Ginette Wilsden. Toward the calibration of serological assays using sera collected from cattle and sheep following a single dose of foot-and-mouth disease vaccine. // Veterinary World. – 2022. – V. 15. – P. 524-530. www.doi.org/10.14202/vetworld.2022.524-530.
    5. Zinyakov, N.G., Sosipatorova, V.Y., Andriyasov, A.V., Akshalova, P.B. [et al.] Genetic analysis of genotype G57 H9N2 avian influenza virus isolate A/chicken/Tajikistan/2379/2018 recovered in Central Asia // Arch Virol. – 2021. – N 166 (6). – P. 1591–1597. DOI: 10.1007/s00705-021-05011-3.
    6. П.Б. Акшалова, А.В. Андриясов, Л.О. Щербакова [и др.] Разработка метода ОТ-ПЦР в режиме реального времени для выявления РНК вируса гриппа птиц подтипа N2 // Ветеринария сегодня. – 2020. – №3 (34). – С. 186–192. DOI: 10.29326/2304- 196X-2020-3-34-186-192.
    7. Патент «Способ получения сыворотки для проведения диагностических исследований при болезни Ньюкасла». Патент №7287 (21) 2022/0394.2. авт. Жусупбеков Ж.С., Садуакасова М.А., Байкара Б.
    8. Патент «Способ получения сыворотки для проведения диагностических исследований при гриппе птиц». Патент №7496 (21) 2022/0393.2. авт. Жусупбеков Ж.С., Садуакасова М.А., Байкара Б.
    9. П.Б. Акшалова, А.В. Андриясов, Л.О. Щербакова [и др.] Разработка метода ОТ-ПЦР в режиме реального времени для выявления РНК вируса гриппа птиц подтипа N2 // Ветеринария сегодня. – 2020. – №3 (34). – С. 186–192. DOI: 10.29326/2304- 196X-2020-3-34-186-192.
    10. Патент «Способ получения сыворотки для проведения диагностических исследований при болезни Ньюкасла». Патент №7287 (21) 2022/0394.2. авт. Жусупбеков Ж.С., Садуакасова М.А., Байкара Б.
    11. Патент «Способ получения сыворотки для проведения диагностических исследований при гриппе птиц». Патент №7496 (21) 2022/0393.2. авт. Жусупбеков Ж.С., Садуакасова М.А., Байкара Б.                             e-mail: vlad_92reik@mail.ru

  • Молекулярлық генетика және тағам қауіпсіздігі зертханасы

  • ТОЛЫҒЫРАҚ

    Молекулярлық генетика және тағамдық қауіпсіздігі зертханасының меңгерушісі – биология ғылымдарының кандидаты Латыпова Залина Акрамовна

    Молекулярлық генетика және тағамдық қауіпсіздігі зертханасы 2015 жылы мына зертханалар: Биотехнология және иммунология (2004-2008; 2009-2012 жж.), аналитикалық зертхана (2008-2009 жж.), тағамдық қауіпсіздігі зертханасы (2012-2015 жж.), микроорганизмдердің молекулярлық генетикасы, биохимия және иммунология зертханасы (2015-2023 жж.) негізінде құрылған, 2024 жылдан бастап молекулярлық генетика және тағамдық қауіпсіздігі зертханасы болып өзгертілді.

    Әртүрлі жылдары зертхананы Ш.А. Барамова (2004-2008 жж.), Ш.Т. Сарбаканова (2009-2015 жж.), А.Т. Даугалиева (2015-2017 жж.), Б.С. Усербаев (2018-2021 жж.), А.С. Слямова (2021-2022 жж.) басқарды. 2023 жылдан бастап зертхананы биология ғылымдарының кандидаты З.А. Латыпова басқарады.

    Зерттеу бағыттары мен міндеттері:

    жануарлардың жұқпалы ауруларының (аусыл, бруцеллез, лейкоз, сальмонеллез, пастереллез және т.б.) қоздырғыштарын анықтау мақсатында молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізу;

    тағамдық өнімдер мен ауыл шаруашылық дақылдардағы химиялық ластаушы заттардың биологиялық агенттері мен токсиндерін анықтауға арналған заманауи талдау әдістерін әзірлеу;

    тағамдық өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг;

    мал азығындағы, жануарлардан және өсімдіктерден алынатын өнімдердегі ГМИ анықтау;

    ет және ет өнімдерінің шикізат құрамын түрлік сәйкестендіру;

    тағамдық өнімдердер мен жануарлар және өсімдік тектес шикізаттардағы антибиотиктерді, пестицидтерді және микотоксиндерді иммунологиялық әдістермен анықтау;

    жануарлар қанын гематологиялық және биохимиялық талдау;

    Зертхананың негізгі қызметі – аналитикалық бақылау әдістерін әзірлеу және тағамдық өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылаудың тиімділігін арттыру болып табылады.

    Негізгі жетістіктер:

    Зертхана Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінің рәсімдеріне, МЕМСТ ИСО/МЭК 17025 “Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар” сәйкес аккредиттелген және “Халал” талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша қызметтер көрсетеді: алкогольсіз және ашытылған сусындардағы спирттің массалық үлесін анықтау; ет өнімдерінің шикізаттық құрамын молекулалық-генетикалық жедел-әдіспен анықтау.

    “Өндіріс-тұтынудың” барлық кезеңдерінде мал шаруашылығы өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін бақылау бағдарламасы, ХАССП халықаралық қағидаларын енгізуді қамтитын, мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау үшін ғылыми-негізделген ұсыныстар әзірленді; микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспары әзірленіп, ғылыми сүйемелденді; бекітілген халықаралық стандарттарға сәйкес ЕАЭО-да ШРК белгіленбеген жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардағы, жемшөп пен жемшөп қоспаларындағы ветеринариялық препараттардың (антибиотиктер,

    антигельминтиктер және т.б.) құрамының ғылыми-негізделген шекті рұқсат етілген нормалары анықталды.

    Зертхана, жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша 130-дан астам ғылыми мақала жариялап, 18 патент алды (2010-2024 жж.).

    Әзірленді:

    ГМО көмегімен алынған өсімдіктер мен жануарлар өнімдерін, жемшөп пен жемшөп қоспаларын бақылау бойынша әдістемелік ұсыныстар;

    Көксерке балығының популяцияларының генетикалық құрылымын ДНҚ маркерлерімен зерттеуге арналған әдістемелік ұсыныстар;

    бекіре тұқымдас балықтардың қанаттарынан ДНҚ бөліп алу бойынша әдістемелік ұсыныстар;

    ауыл шаруашылығы өндірісінде және ветеринарияда антибиотиктерді ұтымды қолдануға арналған әдістемелік ұсыныстар;

    ІҚМ пастереллезінің пайда болуын болжау және ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жоспарлау әдістемелері, қағидалары және тәртібі:, тәуекелді талдау мен бағалауды ескере отырып, ветеринариялық іс-шараларды іске асыру тиімділігінің нысаналы индикаторлары;

    ІҚМ пастереллезі бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың тиімділігін арттыру жүйесі бойынша әдістемелік нұсқаулық;

    пастереллездің эпизоотиялық жағдайының шиеленіс дәрежесі бойынша ҚР аумағын аймақтарға бөлу және аймақтандыру әдістемелік нұсқаулығы;

    жемшөптегі, жемшөп қоспаларындағы және жануарлардан алынатын өнімдердегі диоксиндерді анықтау әдісі;

    өсімдіктер мен жануарлардан алынатын өнімдердегі микотоксиндерді анықтауға арналған биолюминесцентті жедел-тест;

    өсімдіктер мен жануарлардан алынатын өнімдердегі микотоксиндерді анықтау (жедел-тестілеу) үшін биолюминесцентті биотесттерді қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар;

    Ғылыми басылымдар:

    Buienbayeva Z. K., Latypova Z. A., Issakulova B. Zh., Name A.M., Makbuz A. Zh., Vladoska A. Development of Veterinary and Sanitary Measures for the Prevention of Pasteurellosis Infection in Cattle: The Case of the Republic of Kazakhstan // International Journal of Veterinary Science. – 2024. – 13. – N. 2, Р. 164-171.

    1. Buienbayeva Z. K., Latypova Z. A., Issakulova B. Zh., Name A.M., Makbuz A. Zh., Seytzhanova U. U. Biological properties of circulating strains of Рasteurella multocida in the territory of the republic of Kazakhstan // Журнал «Ғылым және Білім» – 202 – №1-1 (70). – С. 59-65.
    2. Yegorova N. N., Sarbakanova Sh. T., Kerimbaeva R.А. «Study of antibiotic sensitivity of pathogenic microorganisms – causative agents of infectious diseases of farm animals» Scientific research of the SCO countries: Synergy and Integration International Conference 上合组织国家的科学研究:协同和一体化 Beijing, China, – 2020, – С. 73-80.
    3. Latypova Z.A.,Sarbakanova Sh. T.,Egorova N.N., Kerimbaeva R.А., Shakibayev Y., Serikkyzy Z. Characteristic of Listeria monocytogenes, isolated from the meat of different species of animals // International conference on agronomy and food science & technology AGROFOOD 20 – 21 June 2019, Istanbul, P. 245 – 250.

    5. Daugaliyeva A., Sultanov А.А., Usserbaev D., Baramova Sh., Akmaral Adambaeva et al. Genotyping of Brucella melitensis and

    Brucella abortus strains in Kazakhstan using MLVA-15 // Journal Infection, Genetics and Evolution. – 2018. 58. – Р. 135-144.

    1. Latypova Z.A., Sarbakanova Sh.T., Sultanov A.A., Nam I.Yan., Zayakin V., Smaznova I., Kozlov A., Mamanova S. Comparison between Populations of Black Pied and Holstein Cows and Stud Bulls from Russia, Belarus and Kazakhstan by the Genetic Markers for Resistance to Leukemia // International Journal of Current Research in Biosciences and Plant Biology. – 2017. – V. 4. – N. 8. – Р. 1-7.
    2. Latypova Z.A., Sarbakanova Sh.T., Sultanov A.A., Nam I.Yan., Zayakin V., Akhmedov R., Smaznova I., Egiazaryan A., Sheiko A., Budevich A. DNA-Polymorphism of the BoLA-DRB3 Gene in Crossbreeding of Holstein and Black Pied Cattle from the Bryansk Region of Russia, Belarus and Kazakhstan // Current Science. – 2017. – V. 112. – N.10. – С. 1-14.
    3. Аida Daugaliyeva, Simone Peletto, Akhmetzhan Sultanov, Sholpan Baramova, Pier Luigi Acutis, Akmaral Adambaeva, Oralkan Tusipkanuly, Bekbolat Usserbayev. Development of a Differential PCR Assay for Detection of Brucella abortus and Brucella melitensis // Journal of Food Quality and Hazards Control. – 2016. – № 3. – Р. 53-59.
    4. Latypova Z.A., Sarbakanova Sh.T., Esimbekova E.N., Kasymova K.T. Sensitivity analysis of luminescent bacteria to the action of pesticides of different nature // International Journal of Applied and Fundamental Research. – 2015. – № 2.
    5. Aubekerova L.S., Sarbakanova Sh.T, Minaeff M.Yu. Development of primers and probe for horseflesh PCR identification in meat products // International Journal of Applied and Fundamental Research. – 2015. – С. 2 – 3.
    6. Barmintseva, A.E., Shalgimbayeva, G.M., Koishybayeva, S.K., Sarbakanova Sh.T…..Isbekov, K.B., Mugue, N.S. Genetic study of pike perch Sander lucioperca (Linnaeus, 1758) and bersh Sander volgensis (Gmelin, 1789) from the fishery water-bodies of Kazakhstan // Russian Journal of Genetics. – 2014. – V. 50(7). – Р. 749-756.

    e-mail: zalinal@list.ru

  • Паразитология және микология зертханасы

  • ТОЛЫҒЫРАҚ

    Паразитология және микология зертханасының меңгерушісі м.а. – РhD доктор Жақсылықова Айнұр Абзалқызы.

    Паразитология зертханасы 1996 жылы гельминтологиялық зертхана (1926 ж.), протозоология және арахно-энтомология зертханасы (1935 ж.) негізінде құрылған. Протозоология және арахноэнтомология зертханасының негізін қалаушы және оның алғашқы меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор А.А. Целищев (1935-1950 жж.); содан кейін биология ғылымдарының кандидаты Л.М. Целищева (1950-1957 жж.); ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Н.П. Орлов (1957-1961 жж.); ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, биология ғылымдарының докторы, профессор М.В. Хван (1970-1985 жж.); биология ғылымдарының докторы, профессор М.С. Сабаншиев (1985-1993) басқарған.

    Гельминтология зертханасы – ең көне зертханалардың бірі, 1926 жылы құрылып, оны Л.Г. Панова басқарды; содан кейін ветеринария ғылымдарының докторы Н.В. Баданин (1928-1932 жж.); Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі С.Н. Боев (1932-1955 жж.); Қазақ КСР академигі Р.С. Щульц (1955-1967 жж.); ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Г.И. Диков (1967-1993 жж.); ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ж. Сулейменов (1993-2003 жж., 2004-2014 жж.); магистр Булекулова Ж. (2018-2020 жж.), РhD доктор А.А. Абдибаева (2021-2023 жж.) басқарды. 2023 жылдан бастап зертхананы РhD доктор А.А. Жақсылықова басқарады.

    Зерттеу бағыттары мен міндеттері:

    – су және жер үсті жануарларының паразитофаунасын зерттеу;

    – паразиттерге қарсы препараттарды әзірлеу;

    – жануарлардың паразиттік ауруларының алдын алу және девастациясы бойынша іс-шаралар әзірлеу.

    Паразитология және микология зертханасының негізгі қызметі -паразитология саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу болып табылады.

    Негізгі жетістіктер

    Зертхана қызметкерлері эхинококкоздың, описторхоздың және зооноздық инвазиялардың басқа да қоздырғыштарының алдын алу және емдеу құралдары мен әдістерін әзірлеп, енгізді:

    – “Үй және жабайы жануарларды минералды-тұзды азықтандыруға және дегельминтизациялауға арналған препарат”;

    – “Маралдар мен бұғыларға арналған антгельминтик”;

    – “Етқоректілердің эхинококкозын емдеуге және алдын алуға арналған препарат”;

    – «ЦсТремForte» – эхинококкозға, альвеококкозға, описторхозға және басқа гельминтоздарға қарсы үй және жабайы етқоректілерді дегельминтизациялауға арналған;

    – “Фенасол” кешенді препараты.

    3 тіркеу куәлігі алынды, коммерцияландыру жобасы бойынша “ҚазҒЗВИ” ЖШС базасында өнеркәсіптік өндіріс жолға қойылды. Препараттар бөлшек сауда желісінде және мемлекеттік тапсырыс бойынша сатылады.

    Қазақ ҒЗВИ паразитология және микология зертханасы, Қазақстанда сапа стандарттары бойынша аккредиттелген жалғыз зертхана, еліміздің барлық ветеринариялық мекемелерімен түйінді байланыстарға ие. Сынақ зертханасының аккредиттеу саласы 4 көрсеткішті қамтиды:

    – жануарлардың гельминтозы;

    – балықтағы және аулау объектілеріндегі балық еместердің (моллюскалар, шаян тәрізділер, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар) паразиттерінің жұмыртқалары мен дернәсілдерін, сондай-ақ оларды қайта өңдеу өнімдерін анықтау;

    – трипаносомоз;

    – эпизоотиялық лимфангоит.

    Паразитология институтымен және Цюрих университетінің эпидемиология институтымен (Цюрих, Швейцария), К.И. Скрябин атындағы жануарлар мен өсімдіктердің Бүкілресейлік іргелі және қолданбалы паразитология ғылыми-зерттеу институтымен (Мәскеу, РФ), ҚХР ғылыми-зерттеу ветеринариялық институтымен (Үрімші, Қытай) және т.б. ғылыми байланыстар орнатылды.

    Қазіргі уақытта зертхана, паразиттік аурулар қоздырғыштарының биологиясы бойынша, ҚР аумағында айналымдағы паразиттердің түрлік құрамын ескере отырып, диагностика және алдын алу әдістерін және ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарларды дегельминтизациялауға арналған жаңа құралдарын жасау бойынша бірегей зерттеулер жүргізуде.

    Қоздырғыштың түрін анықтау бойынша молекулалық-генетикалық зерттеулер (ПТР, секвенирлеу) жүргізеді.

    Үй және жабайы жануарларының, Каспий теңізінің, Кіші Аралдың, Жайық өзенінің және республиканың басқа да табиғи су қоймаларының кәсіпшілік балықтарының паразиттерінің түрлік құрамын зерттейді.

    Сонымен қатар, паразиттік овод шыбындары мен иксод кенелерінің түрлік құрамы, олардың таралу аймақтары, биологиясы мен фенологиясы зерттеледі.

    Ғылыми басылымдар:

    1. Abdybekova A.M., Zhaksylykova A.A., Kushaliyev K.Zh, Kidiraliyev E.Zh, Kozhayeva A.R., Kuzhebayeva U.Zh, Grachev A., Shevtsov A., Budke Ch.M. A survey of the parasites of Ural saiga antelopes and Turkmenian kulans of Kazakhstan // International Journal for Parasitology: Parasites and Wildlife. – August 2023 – V. 21. https://doi.org/10.1016/j.ijppaw.2023.06.006.
    2. Turgenbayev K., Abdybekova A., Borsynbayeva A., Kirpichenko V., Karabassova A., Ospanov Y., Mamanova S., Akshalova P., Bashenova E., Kaymoldina S., Turkeev M., Tulepov B. Development and planning of measures to reduce the risk of the foot-and mouth disease virus spread (case of the Republic of Kazakhstan) // Caspian Journal of Environmental Sciences. – 2023. – V. 21. – No. 3. DOI: 10.22124/CJES.2023.6933.
    3. Саякова З. З., Калмакова М. А., Абдыбекова А. М., Жаксылыкова А. А., Нурмаганбетов Н. А., Шакиев Н. Н Клещи рода haemaphysalis koch, 1844 (ixodidae, amblyomminae) в Кызылординской области // Ғылым және білім. – 2023. – № 2-2 (71). DOI 10.56339/2305-9397-2023-2-2-47-62, С.47-61.

    4. Aubakirov M. Zh., Abdybekova A. M., Asylkhanovna M. Kh., Issabayev A. Zh., Kaumenov N.S., Tegza A.A., Sapa V.A., Domatsky V. N., Erenko E.N., Namazbai K.N. Epizootology and Epidemiology of

    Opisthorchiasis in Northern Kazakhstan // OnLine Journal of Biological Sciences. – 2022. – № 22 (3).

    1. Abdybekova A.M., Assylbekova S.Zh., Abdibayeva A.A., Zhaksylykova A.A., Barbol B.I., Aubakirov M.Zh., Torgerson P.R. Studies on the population biology of helminth parasites of fish species from the Caspian sea drainage basin // Journal of Helminthology (Cambridge University Press). – 2021.
    2. А.M. Abdybekova., A.A. Abdibayeva., N.N. Popov., A.A.Zhaksylykova., B.I. Barbol., B.Zh. Bozhbanov., P.R. Torgerson. Helminth Parasites of Fish of the Kazakhstan Sector of the Caspian Sea and Associated Drainage Basin // J. HELMINTHOLOGIA. – 2020. – Т. 57. – № 3. – P. 241 – 251.
    3. Abdybekova A.M., Zhuangzhi Zhang, Sultanov A.A., Abdibayeva A.A., Zhaksylykova A.A., Junisbayeva S., Aubakirov M., Akhmetova G.D., Torgerson P.R. Genotypes of Echinococcus isolated from domestic livestock in Kazakhstan // Journal of Helminthology. – 2019. – P. 1 – 3. DOI: 10.1017/S0022149X19000634.
    4. Абдыбекова А.М., Абдибаева А.А., Попов Н.Н., Жаксылыкова А.А., Барбол Б.І., Божбанов Б.Ж. Паразитофауна рыб Жайык-Каспийского бассейна // Монография.- Атырау, 2019. – С. 257 – 274.
    5. Абдыбекова А.М., Абдибаева А.А., Попов Н.Н., Жаксылыкова А.А., Барбол Б.І., Божбанов Б.Ж. Паразитофауна морских видов рыб с учетом их биологических показателей, обитающих в шельфовых зонах северо-восточной части Каспийского моря // Мат.V межд. науч. – практ. конф. молодых ученых и специалистов «Эколого-биологические проблемы использования природных ресурсов в сельском хозяйстве» – Екатеринбург, Уральское издательство. – Уральск, 2019. – С. 197 – 203.
    6. Абдибаева А.А., Попов Н.Н., Жаксылыкова А.А., Барбол Б.И., Божбанов Б.Ж. Солтүстік – шығыс Каспий теңіздік балықтарының зоонозды инвазиялары // Нәтижелер ізденістер. – Алматы, 2018. – №3 (079) – С .5 – 10.

    e-mail: ainusik_jan_91

  • Филиалдар

    Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринариялық станциясы

    Филиал меңгерушісі
    Канатбаев Серик Ганиевич

  • ТОЛЫҒЫРАҚ

    “Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринария станциясы” “ҚазҒЗВИ” ЖШС филиалы – Қазақстан ғылымының тұңғышы, 1896 жылы 13 (25) маусымда Орал облысының Орталық бактериологиялық зертханасының базасында құрылған (Орал қаласында 127 жыл жұмыс істейді).

    Осылайша, Батыс Қазақстан ҒЗВС Қазақстан аумағындағы алғашқы ғылыми – зерттеу мекемесі болып табылады.

    Орталық зертхананы ашудың бастамашысы-Орал облысы ветеринария бөлімінің меңгерушісі Анатолий Петрович Петровский.

    Батыс Қазақстан ҒЗВС-ын әртүрлі жылдары В.С. Анисимов (1944-1954 жж.), П.И. Островидов және А.П. Шатров басқарды. Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринария станциясының директорлары болып А.С. Жумашев (1973-1983 жж.), А.Ф. Ильясов (1983-1985 жж.), К.М. Ерболатов (1985-1987 жж.), М.Ш. Шалменов (1987-2006 жж.), С.Г. Канатбаев (2006-2012 жж.), Е.К. Туяшев (2012-2013 жж., 2015-2023 жж.), Р.А. Аманжол (2013-2015 жж.) қызмет етті, 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін С.Г. Канатбаев “Батыс Қазақстан ғылыми – зерттеу ветеринария станциясы” филиалының меңгерушісі қызметін атқарады.

    Зертхана ауылшаруашылық жануарларының жұқпалы ауруларын (сібір жарасы, маңқа, актиномикоз, ірі қара малдың өкпесінің жалпы қабынуы, аусыл, эмфизематозды карбункул) зерттеді. Орталық зертханада 4 дала бөлімі және 5 науқандық зертханасы болды. Дала бөлімшелері Ақтөбе облысының Темір және Ойыл кенттерінде, Жамбейт кентінде және Гурьев қаласында ашылды. Науқандық бактериологиялық зертханалары Илек қаласында,Орал облысының Каменск, Фурманов, Чапаев және Тайпақ аудандарында жұмыс істеді.

    Октябрь социалистік революциясына дейін зертхана штаты тек 1 дәрігер мен 2 фельдшерден тұрды. 1931 жылға қарай жұмысшылар штаты 4 мал дәрігеріне дейін өсті, ал 1965 жылдан 1975 жылға дейін Батыс Қазақстан ҒЗВС-38 штаттық бірлік, оның ішінде 9 ғылыми қызметкер болды.

    1920 жылы бактериологиялық зертхана облыстық ауыл шаруашылығы бөлімінің ветеринарлық бөлімшесінің ветеринарлық-бактериологиялық зертханасы болып өзгертілді.

    Зертхана Орал губерниясының аумағын маллеин, туберкулин және сібір жарасы сарысулары сияқты қажетті емдік-профилактикалық препараттармен қамтамасыз етті. Кейінірек бактериологиялық зертхананың жылдық есептері шығарыла бастады.

    Азаматтық соғыс жылдарында губерния аумағында оба, эмкар, сібір жарасы, туберкулез сияқты инфекциялар өршіп тұрды. Орал бактериологиялық зертханасы осы эпизоотиялармен күресуде үлкен роль атқарды (С.А. Аманжулов, А.И. Журавлев, В.С. Анисимов, М.А. Чабарова).

    1932 жылы Орал ветеринарлық-бактериологиялық зертханасы ветеринарлық-бактериологиялық аймақтық станция болып өзгертілді.

    Бір жылдан кейін станция түйелерді зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу ветеринариялық-бактериологиялық зертхана болып қайта құрылды, ал зертхана қызметкерлері Атырау және Орал облыстарының түйелері арасында трипаносомоз және бруцеллездің эпизоотологиясы мен диагностикалау әдістерін зерттеумен айналысты.

    Кейінірек КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 01.02.1935 ж. №175 қаулысымен зертхана Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринариялық тәжірибелік станция болып қайта құрылды.

    Аграрлық бейіндегі мекемелерді қайта құру кезінде, ҚР Білім және ғылым министрлігі “Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринариястанциясы” РМҚК құрды (20.07.1999 ж. Үкімет қаулысы).

    Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан ҒЗВС “ҚазҒЗВИ” ЖШС филиалы болып табылады.

    Әртүрлі жылдары станцияның ғылыми қызметкерлері ғылыми және практикалық маңызы бар зерттеулер жүргізді.

    1975 жылы станция құрылымында келесі зертханалар болды: гельминтозды ауруларды, бруцеллезді, лептоспирозды, туберкулезді және төл ауруларын зерттеу бойынша, қояндарды, теңіз шошқаларын және ақ тышқандарды өсіруге арналған питомник, 620 га аумақтағы өзінің тәжірибелік базасы болды. Осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан ҒЗВС қызметкерлері 234 жұмысты орындады, оның ішінде 1970 жылдан 1975 жылға дейін. – 88.

    2021 жылдан 2023 жылға дейін Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринария станциясы “Аса қауіпті аурулар бойынша ел аумағының эпизоотологиялық сипаттамасын зерттеу және олардың тиімділігін арттыру бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды әзірлеу” ҒТБ шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізді.

    Батыс Қазақстан ҒЗВС ғылыми қызметкерлерінің белсенді қатысуымен Батыс Қазақстан облысының аумағын ірі қара мал туберкулезінен толықтай сауықтырылды.

    1980-2023 жылдары станцияның ғылыми қызметкерлері оннан астам кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғады, жүздеген ғылыми мақалалар жарияланды, 50-ден астам ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулар, 2 монография, 2 ғылыми-техникалық құжаттар шығарылды және 20-дан астам авторлық куәліктер алынды.

  • Оңтүстік Қазақстан
    ғылыми-зерттеу ветеринариялық станциясы

    Филиал меңгерушісі
    Лесов Берик Елтаевич

  • ТОЛЫҒЫРАҚ

    Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринария станциясы “КазҒЗВИ” ЖШС филиалы ҚазССР Министрлер Кеңесінің 1940 жылғы 12 мамырдағы № 538 бұйрығына сәйкес облыстық ветеринариялық зертхана базасында құрылды.

    1946 жылы Шымкент қаласында орналасқан Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринария станциясы ҚазҒЗВИ құрамына кірді.

    Бірінші директоры ветеринария ғылымдарының кандидаты Н.Г. Пивинский болды. ҒЗВС жұмысы ауылшаруашылық жануарларының жұқпалы және паразиттік ауруларын жою жолдарын әзірлеуге бағытталған.

    Оңтүстік Қазақстан ҒЗВС-ын әртүрлі жылдары М. Жаңбырбаев (1995-2006 жж.), М. Кожабаев (2006-2013 жж.), Ж.К. Тоганаев (2013-2023 жж.) басқарды. 2023 жылы 1 наурыздан бастап ҒЗВС Б.Е. Лесов басқарады.

    Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринария станциясы филиалының ғалымдары жылқылардың инфекциялық плевропневмониясының, ешкілердің инфекциялық плевропневмониясының, энтеротоксемияның, эхиноккоздың, қой ценурозының, тейлериоздың өңірлік эпизоотологиясының, биологиясының, профилактикасының, емдеу мен диагностикасының ерекшеліктерін зерттеді, олармен күресу шараларын әзірледі.

    Станция ғалымдары ірі қара мал бруцеллезі мен туберкулезін жоюға үлкен үлес қосты. 1995 жылдың соңына қарай ірі қара малдың бруцеллезбен ауыруы 1,9 – дан 0,5% – ға дейін, қойларда – 0,8-ден 0,1% – ға дейін төмендеді.

    Жұмыс нәтижесінде станция қызметкерлері өндіріске арналған анатоксин-вакциналарды, перфрингенс класын диагностикалауға арналған типтік сарысуларды, жануарлардың эхинококкозы мен ценурозына қарсы күрес жөніндегі шаралар кешенінің схемасын, тейлериозға қарсы вакцинациялау әдістерін, бруцеллез диагностикумдарын әзірледі.

    Жануарлардың аса қауіпті ауруларымен күресу бойынша 34 әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар мен оқу құралдары жарияланды, 12 патент, 8 авторлық куәлік, рационализаторлық ұсыныстарға 4 анықтама алынды, 540-қа жуық мақала жарияланды.

    Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринария станциясында 3 зертхана (бруцеллез, туберкулез және паразитология) құрылған, онда 1 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты, 2 кіші ғылыми қызметкер және 1 зертханашы жұмыс істеді. Станцияның қалыптасу кезеңінде белгілі ғалымдар еңбек етті: профессорлар А.А. Целищев және В.И. Ульянов, ғылым докторлары: Аманжолов, Ермолова, Степенян, В.А. Ленков, А.Б. Байдалиев, Д.Т. Досжанов, З.В. Кущенко, М.Б. Байбуриев, В.П. Лахо, Р.Д. Беркович, В.С. Борисов, А. Актаев, Б.В. Меркулов, кіші ғылыми қызметкерлер: Т.П. Яременко, Ш. Талдахметов, Е.П. Якубо және басқа ғалымдар.

    Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан ҒЗВС-да директор, үш кіші ғылыми қызметкер, санитар, күзетшілер және қызметтік автокөліктің жүргізушісі жұмыс істейді.

    Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринария станциясының қызметкерлері жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларына мониторинг жүргізеді және Түркістан және Қызылорда облыстарының әртүрлі жұқпалы, жұқпалы емес және паразиттік ауруларының алдын алу, диагностикалау және емдеу шаралары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді. Филиал ғалымдары алынған ғылыми нәтижелерді мал шаруашылығына енгізумен айналысады, шаруа қожалықтарын ғылыми-практикалық көмек көрсетеді және оларды инфекциялық және паразиттік аурулардан сауықтырады. Әртүрлі жылдары филиал ЖАО 019 ББ бойынша ҒЗЖ орындады – ауыл шаруашылығы жануарларының ассоциативті гельминтоздарын диагностикалаудың заманауи әдістері мен күресудің кешенді шараларын енгізді;  етқоректілердің эхинококозын емдеуге және алдын алуға арналған “Эхино STOP” таблеткаларын енгізді.

    Оңтүстік Қазақстан ҒЗВС өзінің ғылыми-практикалық қызметін облыстық және аудандық ветеринариялық қызметтердің қызметкерлерімен және аусыл, нодулярлы дерматит, инфекциялық ринотрахеит, ұсақ жануарлардың анаэробты энтеротоксемиясы және қой брадзоты, пастереллез, эхинококкоз және тенидиоз, сібір жарасы, лейкоз, моракселлез және эмкарды зертханалық зерттеумен айналысатын жергілікті ветеринариялық мамандармен бірлесіп жүзеге асырады.

  • Қостанай ғылыми-зерттеу ветеринариялық станциясы

    Филиал меңгерушісі
    Мустафин Батыржан Муафикович

  • ТОЛЫҒЫРАҚ

    Қостанай ғылыми-зерттеу ветеринария станциясы 1957 жылғы тамызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің (28 тамыздағы № 1396-р) Қаулысымен жұқпалы және жұқпалы емес этиологиядағы жануарлар ауруларын ерте диагностикалаудың, емдеудің және алдын алудың неғұрлым жетілдірілген құралдары мен әдістерін, сондай-ақ ветеринариялық-профилактикалық кешенді жүйелерді әзірлеуге бағытталған қолданбалы зерттеулерді дамыту және енгізу үшін, мал шаруашылықтары мен фермалардың тұрақты ветеринариялық қолайлылығын қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны ластанудан қорғауға бағытталған санитариялық іс-шаралар, жоғары санитарлық сапалы мал шаруашылығы өнімдерін алу үшін құрылды.

    Қостанай ҒЗВС құрылған сәттен бастап станция директорлары Н.Е. Гришаев (1957-1970 жж.), В.И. Пионтковский (1970-2003 жж.), Б.Б. Кайыпбай (2003-2010 жж.), Кунакбаев (2010 ж. 6 ай), Б.М. Мустафин (2010 ж. – қазіргі уақытқа дейін) болды.

    Қостанай ҒЗВС жұмыс істеген жылдары ғылыми қызметкерлері өнертабысқа зияткерлік меншік туралы 250 куәлік алды, 800-ден астам мақала жариялады, 70-тен астам ұсыныс әзірледі, 30 монография шығарды, 19 кандидаттық және 10 докторлық диссертация қорғалды.

    Қостанай ҒЗВС-да – слав даңқты шығармашылық дәстүрлерін табысты жалғастырып келе жатқан жоғары білікті ғылыми кадрлар бар. Қостанай ҒЗВС-да бактериология және серология зертханасы, ПТР, ИФА жүргізуге арналған жабдықтар, кітапхана бар. Ветеринария мамандары үшін дәрістер мен семинарлар өткізіледі. ҒЗВС базасында дөңгелек үстелдер өткізіледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстары сәтті жүргізілуде.

    Ветеринария саласында Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын болдырмау жөніндегі барлық мүдделі мемлекеттік органдармен ынтымақтастықта.

  • Жамбыл ғылыми-зерттеу ветеринариялық станциясы

    Филиал меңгерушісі
    Тлепов Анарбек Амреевич

  • ТОЛЫҒЫРАҚ

    Академик К.И. Скрябин атындағы Жамбыл ғылыми-зерттеу гельминтологиялық зертханасы Қазақ КСР Үкіметінің шешімімен 1961 жылы Жамбыл қаласында құрылды. Содан кейін оның базасында 1992 жылы Жамбыл ғылыми-зерттеу ветеринария станциясы құрылды.

    Жамбыл ҒЗВС құрылғаннан бері директорлары П.П. Вибе, Г.К. Койшибаев, Т.Д. Султанкулов, С. Казахбаев, М. Бердикулов болды. 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін филиалды ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты А.А. Тлепов басқарады.

    1961 жылы “Жамбыл ғылыми-зерттеу ветеринария станциясы” филиалында академик К.И. Скрябин атындағы мемориалдық Үй-мұражай ұйымдастырылды, 1962 жылы оған академик К.И. Скрябин әйелімен бірге келді. Жұмыс жылдарында 2 докторлық (П.П. Вибе, П.П. Радионов), 10 кандидаттық (Т.Д. Султанкулов, Б.К. Копбосынов, Б.О. Орынбаев, В.В. Тищенко, К.Э. Ергалиев, В.С. Петров, Л.Г. Тищенко, А.Э. Усенбаев, А.К. Алиев, С. Казакбаев) диссертациялар қорғалды. Академиялық ғылыми және танымал мерзімді басылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларының гельминтозына қарсы күрес шаралары бойынша 500-ден астам ғылыми мақалалар, 90-нан астам облыстық және аудандық БАҚ газеттерінде мақалалар жарияланды, 40-тан астам ұсыныстар мен буклеттер, 1 әдістемелік құрал, 50 ақпараттық материалдар, 31 плакат, ҚР ғылым және білім министрлігі бекіткен ЖОО-ларға арналған 8 кітап және 4 оқулық шығарылды, 16 қорғау құжаты алынды.  Филиал қызметкерлері әзірлеген ауыл шаруашылығы жануарлары мен иттердің гельминттеріне қарсы 40-тан астам препарат тәжірибелік сынақтан өтіп, өндіріске ұсынылды. Ғылыми-зерттеу станциясы, оңтүстік өңірлердің шаруашылықтарына ауыл шаруашылығы жануарлары мен иттердің паразиттеріне қарсы, 12 жаңа препарат (дексуфен, фесун, фемсунат, метионафт, альдекс, аназолин, глифер, микродозаланған тұз қоспалары, алтрим, калгид, анабазин және т.б.) әзірлеп, енгізді.

    Филиал қызметкерлері академик К.И. Скрябин атындағы төрт медальмен, 12 Құрмет грамотасымен және КСРО Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің бес медалімен марапатталды.

  • Шығыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринариялық станциясы

    Филиал меңгерушісі
    Бапинов Тилек Бауыржанович

  • ТОЛЫҒЫРАҚ

    Шығыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринария станциясы 1957 жылы Өскемен қаласында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шешімі бойынша құрылды. ҒЗВС директоры болып ветеринария ғылымдарының кандидаты В.Т. Ушаков тағайындалды.

    Алайда, 1931 жылы Семей қаласында аймақтық Семей станциясы жұмыс істеді, ол 1935 жылы өткен ғылыми-зерттеу желісін қайта құру кезінде Семей ғылыми-практикалық облыстық зертханасына айналды және осыған байланысты жұмысшылардың бір бөлігі ҚазҒЗВИ-ды нығайту үшін ауыстырылды.

    Станцияның ғылыми қызметкерлері өз қызметінің алғашқы күндерінде сиырлардың бедеулігінің себептерін анықтаумен, республиканың қой шаруашылықтарында ценуроз бен эхинококкозға қарсы іс-шараларды ұйымдастырумен және енгізумен, ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі мен туберкулезі бойынша қолайсыз шаруашылықтарды сауықтырудың жеделдетілген әдісін әзірлеумен айналысты.

    Қой мен ірі қара малдың ценурозына, эхинококкозына және гельминтозына қарсы іс-шаралар әзірленді (Х. Сатубалдин, 1958 ж.).

    Шығыс Қазақстан ҒЗВС құрылғаннан бері ірі қара мал туберкулезі зертханасы болды. Жыл сайын ірі қара малдың туберкулезбен зақымдану пайызы, әртүрлі жылдары және жануарлардың әртүрлі түрлерінен бөлініп алынған микобактериялардың типтік түрлері зерттелді. Ауыл шаруашылығы жануарларының туберкулезіне қарсы күрес бойынша “Туберкулезден таза емес шаруашылықтарды сауықтыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары”әзірленді.

    1962 жылы станция жоспарына шошқа бруцеллезін зерттеу мәселесі енгізілді.

    1966 жылдан бастап қызметкерлер жаңа туған бұзаулар арасында диспепсияның кең таралу себептерін зерттеумен айналысады. Бұзаулардың жіті асқазан-ішек ауруларының негізгі себептері ішек таяқшаларының вирулентті серотиптері екені анықталды (Б.В. Меркулов).

    1970 жылы станцияда 7 адамнан тұратын ауылшаруашылық жануарларының бруцеллезін зерттеу зертханасы қайта құрылды, зертхананы ветеринария ғылымдарының кандидаты Ю.А. Кузнецов басқарды. Бруцеллезбен ауырған жануарларды сауықтыруды жеделдету үшін тиімді диагностикалық тест – конглютинациялық кешенді байланыстыру реакциясы (РСКК) және бруцеллалардың өзгертілген түрлерінен антигендер алу әдісі әзірленді. Зертхананың ғылыми қызметкерлері аймақтық эпизоотологияны егжей-тегжейлі зерттеді, бруцеллез этиологиясы түсігінің жаңа оқшауланған жағдайларының себептерін қорытындылады, әрбір аурудан таза емес шаруашылықтарды сауықтырудың нақты жоспарларын жасады.

    1972 жылы шошқа ауруларын зерттеу зертханасы құрылды. Зертхананы құру қажеттілігі, шаруашылықтарда шошқа шаруашылығы саласының жедел дамуына және шошқа етін өндіру кешендерінің құрылысына байланысты туындады. Соңғы 20 жылда шошқалардың жұқпалы аурулары бойынша облыстың егжей-тегжейлі эпизоотиялық картасы жасалды.

    1995 жылға дейін ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша станция қызметкерлері 141 мақала жариялап, өнертабысқа бір авторлық куәлік және рационализаторлық ұсынысқа 6 куәлік алды.

    ҒЗВС қызметкерлері облыстық ветеринариялық бөліммен, облыстық ветеринариялық зертхана, ветеринариялық станция мамандарымен үнемі байланыста, ветеринария және мал шаруашылығы бойынша облыстық және шағын кеңестердің жұмыстарына қатысады.

    2015 жылдан 2020 жылға дейін Шығыс Қазақстан ҒЗВС меңгерушісі У.Н. Бейсенбаева болды.

    2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін филиалды Т.Б. Бапинов басқарады.

  • Қарағанды ғылыми-зерттеу ветеринариялық станциясы

    Филиал меңгерушісі
    Дюсенов Сайран Мырзаханович

  • ТОЛЫҒЫРАҚ

    “ҚазҒЗВИ” ЖШС филиалы “Қарағанды ғылыми-зерттеу ветеринария станциясы – 1957 жылы 15 қазанда құрылған.

    Станция алдына, ветеринария ғылымын жан-жақты дамыту және нығайту, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларымен күресудің жаңа тәсілдері мен құралдарын ойлап табу, озық ғылыми ойдың жетістіктерін жан-жақты пайдалану, ветеринария ғылымының жетістіктерін практикаға енгізу, мал шаруашылығының озаттарының тәжірибесін зерделеу, қорыту және насихаттау, адамдар мен жануарларға ортақ жұқпалы ауруларға қатысты облыстың әл-ауқатын қамтамасыз ету міндеті қойылған.

    Қарағанды ғылыми-зерттеу ветеринария станциясының директоры болып Н.С. Ступников (1957-1977 жж.), Ю.А. Политов (1977-1996 жж.), С.Ж. Садықов (1996-2005 жж.), М. Базарбаев (2005 – 2014 жж.), 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін “Қарағанды ғылыми-зерттеу станциясы” филиалының меңгерушісі болып С.М. Дюсенов қызмет атқарады.

    Қазақстан КП ОК және ҚазКСР Министрлер Кеңесінің 09.12.1976 ж. № 543 “КОКП ОК және КСРО Министрлер Кеңесінің 26.08.1976 ж. № 703 қаулысын іске асыру туралы” Қаулысы негізінде, ҒЗВС 1977 жылғы 1 қаңтардан 1986 жылғы 18 ақпанға дейін ҚазКСР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтынан В.И. Ленин атындағы  Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының Шығыс бөліміне (ВО ВАСХНИЛ) берілді. 18.02.1986 жылдан бастап Қазақ КСР Мемлекеттік Агроөнеркәсіптік комитетіне қабылданды.

    1966 жылы “Қарағанды ғылыми-зерттеу ветеринария станциясы” үлкен аумағы бар екі қабатты ғимараттан, виварийден, қоймалардан және бокстары бар гараждардан тұратын жаңа салынған кешенге көшті. Станция штаты 1958 жылы 8 адамнан 1973 жылы 34 адамға дейін өсті, оның ішінде әкімшілік-шаруашылық персоналы 5 адам, ғылыми қызметкерлер – 8 (оның ішінде 5 ғылым кандидаты).

    Қарағанды ҒЗВС бойынша 1992 жылғы 11 маусымдағы № 83 бұйрықпен ЭПО базасында “Заман” шағын мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

    ҚР Үкіметінің 24.07.1997 жылғы № 1175 қаулысымен Қарағанды ҒЗВС Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ҒЗИ қарамағына берілді және ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі мен туберкулезін зерттеу бойынша зертхана құрылды. 2003 жылғы 26 мамырдағы № 12 бұйрықпен “ОҚАШҒЗИ” РМҚК Қарағанды филиалы “Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы” РМК “Қарағанды ғылыми-зерттеу ветеринария станциясы”филиалы болып өзгертілді.

    Филиал құрылғаннан бері станция құрылымында қойылған міндеттерді шешу үшін келесі: бруцеллезді, туберкулезді, лейкоз ауруын, тері астындағы оводты, өкпе гельминтоздарын және құстардың сальмонеллездерін зерттеу бөлімдері жұмыс істеді. Станцияның қосалқы бөлімшелері ретінде, ветеринария және зоотехния бойынша екі мыңнан астам томнан тұратын, оның ішінде еліміздің жетекші ғылыми мекемелері шығарған ғылыми еңбектер мен журналдары бар ғылыми кітапхана болды. Сонымен қатар, 400 зертханалық жануарларға арналған виварий болды.

    1957-2023 жылдары станцияның ғылыми қызметкерлері 15 кандидаттық және 3 докторлық диссертация қорғады, 200-ден астам ғылыми мақала жарияланды, 60-тан астам ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулар, 3 монография, 5 ғылыми-техникалық құжаттар және 25-тен астам авторлық куәлік, 1 модульдік патент, 1-инновациялық патент, зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы 4 куәлік шығарылды.

    Қарағанды ҒЗВС өңірлік салалық ветеринариялық мекеме болып табылады және ауыл шаруашылығы өндірісімен тығыз байланысты, ол тәжірибелік ветеринария сұрауларына жүйелі түрде жауап береді. Станция ғылыми жұмыстарды орындаумен қатар, плакаттар, сызбалар, радио, теледидар бойынша сөз сөйлеу және семинарларға қатысу арқылы ғылыми-әдістемелік, практикалық және ветеринариялық-ағарту жұмыстарын жүзеге асырады.

  • Бөлімдер

    Ғылыми-техникалық ақпарат бөлімі және оқу-білім беру орталығы

    Бөлім меңгерушісі
    Сарбаканова Шолпан Таупиковна

  • ТОЛЫҒЫРАҚ

    Ғылыми-техникалық ақпараттар бөлімі және оқу – білім беру орталығы 2023 жылы ҒТА бөлімі негізінде құрылды. 1966 жылы, алғаш рет, ветеринария ғылымдарының кандидаты Б.И. Софиевтің басшылығымен үгіт-насихат және ғылыми-техникалық ақпараттар бөлімі құрылды. 1971 жылы бөлім ҒТА және патенттану бөліміне ауыстырылды. Әр кездері бөлім басшылары әртүрлі ғалымдар болды: Н.В. Букреев (1966-1968 жж.), П.А. Руденко (1968-1970 жж.), Р.К. Уразбаева (1970-1987 жж.), Э.С. Амрин (1987-1989 жж.), С.А. Ларин (1989-1993 жж.), К.И. Минжасов (1994-1996 жж.). ҒТИ бөлімін әртүрлі жылдары А.С. Каспакбаев, А.А. Абуталип, А.М. Намет секілді ғалымдар басқарды, 2023 жылдан бастап бөлімді биология ғылымдарының кандидаты Ш.Т. Сарбаканова басқарады.

    Бөлім қызметінің негізгі мақсаты ақпараттық-талдамалық және анықтамалық қызмет көрсету, орындалатын халықаралық және республикалық ғылыми-техникалық жобалар мен тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау; оқу және әдістемелік құралдарды, ұсыныстарды, оның ішінде институттың электрондық, ғылыми еңбектерін, мерзімді және сериялық басылымдарын жинау және шығару болып табылады. Оқу-білім беру орталығы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларында оқитын жеке тұлғаларды, өз мамандарын, институт қызметкерлері болып табылмайтын

    мамандарды, медициналық-ветеринариялық қызмет, ғылыми-зерттеу мекемелері, емдеу-диагностикалық орталықтары мен зертханалары, дәрілік заттарды, ветеринариялық биопрепараттарды өндіру және өткізу кәсіпорындары және АӨК-нің өзге де ұйымдары қызметкерлерін қайта даярлайды және олардың біліктілігін арттырады.

    ҒТАБ және ОБО негізгі функциялары:

    – институттың ғылыми бөлімшелерін қызметкерлердің кәсіби білімін арттыруға, жаңа ғылыми-әдістемелік тәсілдерді меңгеруге ықпал ететін ғылыми-техникалық ақпараттармен қамтамасыз ету;

    – ғылыми әдебиеттерді ақпараттық іздестіру;

    – МЕМСТ стандарттарына сәйкес ғылыми есептерді рәсімдеу кезінде нормобақылау жүргізу;

    – ” Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама Ұлттық орталығы”АҚ-да ғылыми тақырыптар мен есептерді тіркеу үшін құжаттарды рәсімдеу;

    – БҒМ-де институтты аккредиттеуден өткізу;

    – семинарлар, конференциялар, дөңгелек

     үстелдер, отандық және шетелдік делегациялармен іскерлік кездесулер өткізу жөніндегі ұйымдастырулық іс-шаралар;

    – ветеринариялық дәрігерлерге және АӨК субъектілеріне институт қызметінің бейіні бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсету.

    – жұмыс орнында тағылымдамаларды, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді, ЖОО студенттерінің өндірістік практикасын жүзеге асыру;

    – институт қызметінің бейіні бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қарау, жариялау мақсатында материалдар жинау және ғылыми журналдарды, оқу және әдістемелік құралдарды, оның ішінде электрондық, ғылыми еңбектерді, мерзімді және сериялық басылымдарды шығару;

    – институт қызметкерлерінің ғылыми жарияланымдарын жүргізу және есепке алу;

    -институтта жобалық-конструкторлық әзірлемелердің, өнертабыстардың патенттік тазалығы мен патенттік қабілеттілігінің жоғары техникалық деңгейін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;

    -ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаудың барлық кезеңдерінде патенттік зерттеулер жүргізуде әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

    Ғылыми-техникалық ақпараттар бөлімі және оқу – білім беру орталығы 2023 жылы ҒТА бөлімі негізінде құрылды. 1966 жылы, алғаш рет, ветеринария ғылымдарының кандидаты Б.И. Софиевтің басшылығымен үгіт-насихат және ғылыми-техникалық ақпараттар бөлімі құрылды. 1971 жылы бөлім ҒТА және патенттану бөліміне ауыстырылды. Әр кездері бөлім басшылары әртүрлі ғалымдар болды: Н.В. Букреев (1966-1968 жж.), П.А. Руденко (1968-1970 жж.), Р.К. Уразбаева (1970-1987 жж.), Э.С. Амрин (1987-1989 жж.), С.А. Ларин (1989-1993 жж.), К.И. Минжасов (1994-1996 жж.). ҒТИ бөлімін әртүрлі жылдары А.С. Каспакбаев, А.А. Абуталип, А.М. Намет секілді ғалымдар басқарды, 2023 жылдан бастап бөлімді биология ғылымдарының кандидаты Ш.Т. Сарбаканова басқарады.

    Бөлім қызметінің негізгі мақсаты ақпараттық-талдамалық және анықтамалық қызмет көрсету, орындалатын халықаралық және республикалық ғылыми-техникалық жобалар мен тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау; оқу және әдістемелік құралдарды, ұсыныстарды, оның ішінде институттың электрондық, ғылыми еңбектерін, мерзімді және сериялық басылымдарын жинау және шығару болып табылады. Оқу-білім беру орталығы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларында оқитын жеке тұлғаларды, өз мамандарын, институт қызметкерлері болып табылмайтын мамандарды, медициналық-ветеринариялық қызмет, ғылыми-зерттеу мекемелері, емдеу-диагностикалық орталықтары мен зертханалары, дәрілік заттарды, ветеринариялық биопрепараттарды өндіру және өткізу кәсіпорындары және АӨК-нің өзге де ұйымдары қызметкерлерін қайта даярлайды және олардың біліктілігін арттырады.

    ҒТАБ және ОБО негізгі функциялары:

    – институттың ғылыми бөлімшелерін қызметкерлердің кәсіби білімін арттыруға, жаңа ғылыми-әдістемелік тәсілдерді меңгеруге ықпал ететін ғылыми-техникалық ақпараттармен қамтамасыз ету;

    – ғылыми әдебиеттерді ақпараттық іздестіру;

    – МЕМСТ стандарттарына сәйкес ғылыми есептерді рәсімдеу кезінде нормобақылау жүргізу;

    – ” Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама Ұлттық орталығы”АҚ-да ғылыми тақырыптар мен есептерді тіркеу үшін құжаттарды рәсімдеу;

    – БҒМ-де институтты аккредиттеуден өткізу;

    – семинарлар, конференциялар, дөңгелек

     үстелдер, отандық және шетелдік делегациялармен іскерлік кездесулер өткізу жөніндегі ұйымдастырулық іс-шаралар;

    – ветеринариялық дәрігерлерге және АӨК субъектілеріне институт қызметінің бейіні бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсету.

    – жұмыс орнында тағылымдамаларды, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді, ЖОО студенттерінің өндірістік практикасын жүзеге асыру;

    – институт қызметінің бейіні бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қарау, жариялау мақсатында материалдар жинау және ғылыми журналдарды, оқу және әдістемелік құралдарды, оның ішінде электрондық, ғылыми еңбектерді, мерзімді және сериялық басылымдарды шығару;

    – институт қызметкерлерінің ғылыми жарияланымдарын жүргізу және есепке алу;

    -институтта жобалық-конструкторлық әзірлемелердің, өнертабыстардың патенттік тазалығы мен патенттік қабілеттілігінің жоғары техникалық деңгейін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;

    -ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаудың барлық кезеңдерінде патенттік зерттеулер жүргізуде әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

    – институт кітапханасының қорын толықтыру, мерзімді басылымдарға жыл сайынғы жазылымды рәсімдеу;

    -ветеринариялық қызмет, ғылыми-зерттеу мекемелері, емдеу-диагностикалық орталықтары мен зертханалары, ветеринария және биологиялық қауіпсіздік және ветеринария саласындағы дәрілік заттарды, ветеринариялық биопрепараттарды өндіру және өткізу жөніндегі кәсіпорындар қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру (жетілдіру);

    – мамандарға қосымша кәсіптік білім беруді ұйымдастыру бойынша тәжірибені үйрену және пайдалану мақсатында, ҚР құқықтық, оқу, ғылыми және өзге де ұйымдарымен ынтымақтастық;

    – оқу процесі мен білім беру қызметін оқу-әдістемелік, нормативтік-ұйымдастырушылық және ұйымдастырушылық-консультациялық қолдауды қамтамасыз ету;

    – білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын (ОЖБ) әзірлеу, бекіту;

    – оқытуды ұйымдастыру бойынша контрагентпен келіссөздерге қатысу үшін коммерциялық ұсыныстар дайындау;

  • Препараттарды өндіру және енгізу цехы

    Цехтың бас технологы
    Мырзалиев Ахан Жахангирович

  • ТОЛЫҒЫРАҚ

    Препараттарды өндіру және енгізу цехы 2023 жылы штаттық кестеге сәйкес құрылды. Цехты бас технолог, ветеринария ғылымдарының кандидаты А.Ж. Мырзалиев басқарады. Цехтың негізгі қызметі – институт ғалымдары әзірлеген және ветеринарияда қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттарды өндіріске енгізу және шығару болып табылады. Цехта біліктілігі жоғары 13 қызметкер жұмыс істейді.

     

    Цехтың ғылыми-өндірістік қызметінің нәтижесінде, 2023 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша өндіріліп, шаруашылық субъектілерге тапсырылды:

    Жұқпалы ауруларды диагностикалау кезінде ветеринариялық зертханаларда кеңінен қолданылатын, серологиялық реакцияларға арналған жануарлардың гемолитикалық қан сарысуы – 86 308 625,70 доза;

    Жануарлардың бруцеллезін диагностикалау кезінде агглютинацияның пластиналық реакциясына арналған Роза-Бенгал антиген (Роз бенгал сынамасы-РБП) – 15 литр;

    Жылқылардың эпизоотиялық лимфангоитын серологиялық диагностикалауға арналған жинақ – 2333,90;

    Ауыл шаруашылық жануарларының бруцеллезін диагностикалау кезінде сүтпен сақина реакциясына (КР) арналған түсті антиген – 13,2;

    Қошқарлардың инфекциялық эпидидимитін диагностикалауға арналған жинақ – 582 662,60 доза;

    Бруцеллезді диагностикалауға арналған бірыңғай бруцеллез антигені – 223 доза;

    Етқоректі жануарлардың эхинококкозын емдеуге және алдын алуға арналған “Цестремфорте” препараты – 2 496 972 доза;

    Биелердің сальмонеллезді түсігіне қарсы “Salmonella abortus-equi Е-841” штаммынан алынған құрғақ тірі вакцина – 22370 доза;

    Жануарлардың сібір жарасына қарсы “55-ВНИИВВиМ” штаммынан алынған тірі сұйық вакцина – 40 136 575 доза.

    Жоғарыда аталған ветеринариялық препараттар ҚР барлық аймағында кеңінен қолданылады.

    Болашақта цех келесі ғылыми зерттеулерді жоспарлап отыр:

    -, өндірістік жағдайларда институт әзірлемелерінің диагностикалық және профилактикалық тиімділігіне сынақтар жүргізіп, одан әрі ветеринариялық практикаға препараттарды енгізу;

    – профилактикалық, диагностикалық және емдік жаңа биоветпрепараттарды әзірлеп, қолданыстағыларын жетілдіре отырып, әртүрлі инфекциялық, инфекциялық емес және паразиттік аурулар бойынша мал шаруашылығы шаруашылықтарының әл-ауқатын қолдау.

  • Менеджмент және сапаны қамтамасыз ету басқармасы

    Басқарма басшысы
    Сериков Мақсат Серикұлы

  • ТОЛЫҒЫРАҚ

    Менеджментті және сапаны қамтамасыз ету басқармасы (МжСҚБ) 2023 жылы құрылған, институттың стратегиялық жоспарлау және сапа диагностикасын тікелей жүзеге асыру және менеджмент жүйесінің процестері бойынша құжаттарды басқару жөніндегі дербес құрылымдық бөлімше болып табылады.

    МжСҚБ қызметінің негізгі мақсаты:

    -“ҚазҒЗВИ”ЖШС қызметінің негізгі және қосалқы түрлерінің сапасын басқарудың тиімді жүйесін әзірлеу және дамыту;

    – менеджмент жүйесінің ішкі аудиторлық тексерулерін ұйымдастыру және жүргізу;

    – ғылыми және зертханалық қызметке қатысы бар нормативтік-техникалық құжаттардың арнайы түрлеріндегі Қазақстан Республикасы стандарттарының, ұлттық және халықаралық заңнаманың мемлекеттік қорымен мерзімді өзгерістерді бақылау және мониторингтеу, өзектендіру;

    – институт лицензияларының, рұқсат құжаттарының, сертификаттары мен аттестаттарының Тізімін бақылау, мониторингтеу, өзектендіру.

    МжСҚБ персоналы жыл сайын техникалық реттеу (ішкі және сыртқы) саласында біліктілік оқытудан өтеді.

    Қазіргі уақытта институтта талаптарға сәйкес келесі менеджмент жүйелері енгізілді, құжатталды және жұмыс істейді:

    ҚР техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі (аккредиттеу):

    ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 (Сынақ орталығы);

    ГОСТ ISO/IEC 17043-2013 (Біліктілікті тексеру провайдері);

    ҚР техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі (менеджменттің интеграцияланған жүйелерін сертификаттау):

    ҚР СТ ISO 9001-2016 (ISO 9001:2015) “Сапа менеджменті жүйелері”;

    ҚР СТ ISO 14001-2016 (ISO 14001:2015) “Экологиялық менеджмент жүйелері”;

    ҚР СТ ISO 45001-2019 (ISO 45001:2018) “Еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау менеджменті жүйелері”;

    ГОСТ Р 52249-2009 (GMP EC) “Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапа менеджменті жүйелері”.

    2024 жылға қойылған міндеттерге сәйкес, МжСҚБ институттың өндірістік қызметіне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың (Good Manufacturing Practice, GMP ЕАЭС) тиісті өндірістік практикасы қағидаларын енгізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде

  • Институт ғалымдары іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді және ҚР шаруашылық жүргізуші субъектілеріне ветеринариялық салауаттылықты қамтамасыз ету саласында ғылыми – кеңестік және тәжірибелік көмек көрсетеді

    “ҚазҒЗВИ” ЖШС жұмысының маңызды бөлігі жас ғалымдарды даярлау, ветеринарияның өзекті мәселелері бойынша семинарлар, кеңестер және халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциялар өткізу, аграрлық жоғары оқу орындарының студенттері үшін дәрістер оқу және ветеринариялық мамандардың біліктілігін арттыру курстарында тәжірибелік сабақтар өткізу, эпизоотологиялық тексеру жүргізу және өзекті ветеринариялық мәселелер бойынша тәжірибелік көмек көрсету мақсатында мал шаруашылығына бару, сондай-ақ балаулық зерттеулер жүргізу болып табылады.

    1)	Қазақ НИВИ жас ғалымдарының ғфлыми-практикалық семинары

    Қазақ ҒЗВИ ЖШС жас ғалымдарының ғылыми - тәжірибелік семинары

    "Ветеринариялық медицина, биотехнология және тамақ қауіпсіздігі: Қазақстанның жас ғалымдары мен мамандарының жетістіктері" атты жас ғалымдардың республикалық конференциясына қатысушылар, ҚазҒЗВИ, 2014 жылғы 28 мамыр

    Алматы, Райымбек даңғылы, 223

    +7 (727) 2337271

    kaznivialmaty@mail.ru