Біліктілікті тексеру провайдері
Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС МЕМСТ ISO/IEC 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» сәйкес сынақтардың сапасын бағалау мақсатында зертханааралық салыстырмалы сынақтар арқылы біліктілікті тексеру бағдарламаларын іске асыру жұмыстарын жүргізеді.
МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» сәйкес зертхана өз қызметінің мониторингын біліктілікті тексеруге қатысу арқылы жүргізуі тиіс.
Біліктілікті тексеру бағдарламаларының (БТБ) міндеті – жеке зертханалардың нақты сынақтар немесе өлшеулер жүргізу қабілеттілігін анықтау.
Біліктілікті тексеру (proficiency testing)) – зертханааралық салыстырмалы зерттеулер (МЕМСТ ISO/IEC 17043-2013) арқылы алдын ала белгіленген критерийлер бойынша қатысушының жұмыс істеу сипаттамаларын бағалау.
БТБ зертханааралық салыстыру нәтижелерін келесі тапсырмаларға қолдануға болады:
- сынақ зертханаларында (СЗ) қолданылатын сынақ әдістерінің салыстырмалылығын бақылау және оларға тұрақты мониторинг жүргізу;
- әртүрлі сынақ зертханаларында алынған сынақ нәтижелерінің салыстырмалылығын анықтау;
- сынақ зертханаларында алынған сынақ нәтижелерінің сапасына тұтынушылардың қосымша сенімін қамтамасыз ету;
- сынақты жүргізуге тікелей қатысатын тұлғалардың біліктілігін растау.