Медицина қызметкері күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, көп жылғы адал еңбегі және ел халқының денсаулығын қорғау жолындағы жанқиярлық қызметі үшін бірқатар медицина қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. https://www.akorda.kz/kz/prezident-bir-top-medicina-kyzmetkerine-memlekettik-nagradalar-tapsyrdy-18558
Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының қызметкерлері 05 маусым 2026 жылы Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында өткен «Ауыл шаруашылығы – ел экономикасы өзегі» форумға қатысып тәжіребелік жұмыстарын насихаттады.
04.06.2026 жылы біздің институтымызға Қытай Халық Республикасының Ланьчжоу қаласынан келген делегация таныстыру сапарымен келді. Кездесу барысында серіктестік байланыстарды дамыту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, мамандар алмасу және өзара қызығушылық тудыратын бастамаларды іске асыру перспективалары қарастырылды.
2026 жылдың 2 маусымы мен 5 маусымы аралығында KazҒЗВИ қызметкерлері - ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Аспен Әбутәліп Әбутәліпұлы және PhD Райхан Нисанова Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде өткен «Ветеринариядағы биоэпидемиология» халықаралық жазғы мектебіне шақырылған оқытушылар ретінде қатысты. Институттың халықаралық білім беру іс-шараларына қатысуы ғылыми ынтымақтастыққа, озық тәжірибе алмасуға, ветеринария, вирусология және биологиялық қауіпсіздік саласындағы заманауи білім мен технологияларды енгізуге ықпал етеді.
“Балаларды қорғау күні” - мерекесіне орай 1.06.2026 жылы Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтында қызметкерлердің балаларының қатысуымен дайындалған суреттерден «Жас суретшілер шығармашылығы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде балалардың қиялы мен шығармашылығын көрсететін түрлі тақырыптағы суреттер ұсынылды. Мереке аясында институт қызметкерлерінің балаларына арналған сыйлықтар табысталды.
2026 жылдың 26 мамырында «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС-нда Қазақстан Республикасының Ұлттық аграрлық ғылым академиясы және «Зооинженерия және Ветеринария» ҰАҒА бөлімі ұйымдастырған, ҚР ҰҒА академигі Г. А. Қалиевтің ғылыми қызметіне арналған «Аграрлық ғылымды және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми тұрғыдан қолдауды дамыту: теория, әдіснама және тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның шеңберінде «Мал шаруашылығын, асылтұқымды мал шаруашылығын, жем-шөп өндірісін тұрақты дамыту, жануарлардың денсаулығын және ветеринариялық әл-ауқатын жақсарту» тақырыбы бойынша секциялық отырысы өтті. Отырыс жұмысына «ҚазҒЗВИ» ЖШС, «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ҒЗИ» ЖШС, «ҚазҰАЗУ» АҚ ғалымдары, АӨК мамандары, инновациялық ғылыми компаниялардың, ветеринариялық бизнестің басшылары, жас ғалымдар қатысты. Отырыста ветеринария ғылымының, биологиялық қауіпсіздіктің, жұқпалы және инвазиялық аурулардың эпизоотологиясының, ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру, ауыл шаруашылығы жануарларының селекциясы мен генетикасының өзекті мәселелеріне арналған және Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың заманауи тәсілдеріне арналған 14 баяндама ұсынылды. Отырысқа қатысушылар ветеринариялық және зооинженериялық ғылымның еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, мал шаруашылығының өнімділігін арттырудағы, биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.
20.05.2026 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының профессоры, биология ғылымдарының докторы Асия Қыблашевна Мусаеваның қатысуымен қонақ дәрісі өтті. Дәріс барысында студенттер ветеринария саласындағы заманауи ғылыми зерттеулермен, вакциналар әзірлеу және жұқпалы ауруларды диагностикалау бағыттарымен танысты. Ашық форматтағы кездесу болашақ мамандардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, кәсіби дамуына серпін берді.
2026 жылдың 12-14 мамыры аралығында KazҒЗВИ қызметкерлері жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларының диагностикасы мен мониторингінде инновациялық және цифрлық технологияларды енгізуге арналған Тәжікстан Республикасындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция аясында ветеринария, биоқауіпсіздік және ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші ғалымдармен және мамандармен кездесулер өтті, оның барысында халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Тәжікстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Ветеринария институтымен бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға, тәжірибе алмасуға, халықаралық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тәжікстан аграрлық университетімен академиялық байланыстарды, ғылыми тағылымдамадан өтуді және бірлескен білім беру бастамаларын дамытуды көздейтін ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні KaзҒЗВИ институт ерлерінің құрметіне мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мереке аясында қызметкерлерге арнайы фотоаймақ құрылып, естелік сыйлықтар табыс етілді.
2026 жылы 19 сәуірде Алматы жартылай марафоны тоғызыншы рет өтті. Қатысушылар қатарында біздің жас қызметкерлер: Ерден, Ерубай, Көбейхан, Нұржан, Нұрай, Айгүл болды. Бұл жастар салауатты өмір салтын ұстану идеясын қолдап қана қоймай, жастардың, ғылымның, спорттың қатар жүретінін дәлелдеп, жарысты абыроймен аяқтады.
KaзҒЗВИ Орталық Азиядағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде. Ірі қара малдың энзоотиялық лейкозы бойынша WOAH анықтамалық орталығы мәртебесін алудың стратегиялық жол картасы аясында Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының делегациясы Қырғызстанға жұмыс сапарымен барып, Арстанбек Дүйшеев атындағы Қырғызстан ғылыми-зерттеу ветеринария институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
12 сәуірде KaзҒЗВИ-да Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, көрнекті геолог Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келген Ғалымдар күнін мерекелеуге арналған дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Шара барысында институт қызметкерлері, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің докторанттары кең ауқымды тақырыптарда баяндамалар жасап, ғылыми зерттеулерімен бөлісті Жеңімпазды жалпы құпия дауыс беру арқылы анықтаған марапаттау рәсімі шараның ерекше бөлігі болды.
14–23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі аясында әрбір тақырыптық күнге арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды: 14 наурыз – Көрісу күні, 15 наурыз – Қайырымдылық күні, 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, 17 наурыз – Шаңырақ күні, 18 наурыз – Ұлттық киім күні, 19 наурыз – Жаңару күні, 20 наурыз – Ұлттық спорт күні, 21 наурыз – Ынтымақ күні, 22 наурыз – Жыл басы және 23 наурыз – Тазару күні. Іс-шаралар әр күннің мазмұны мен мәніне сәйкес ұйымдастырылып, мәдени, білім беру, спорттық және әлеуметтік бағдарламалардың мазмұнын жаңартумен, жастар мен балаларға арналған цифрлық жобаларды кеңейтумен, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды заманауи форматта насихаттаумен ерекшеленді.
15 марта 2026 года сотрудники КазНИВИ приняли активное участие в республиканском референдуме принятия новой Конституции Республики Казахстан – Основного Закона страны.
2026 жылдың 26-ақпанда ҚazҒЗВИ қызметкерлері Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған «Қазақстан ғылымы мен технологияларының форсайты: деректерден шешімдерге дейін» атты стратегиялық сессияға қатысты. Іс-шара барысында ғылым мен технологияларды дамытудың басым бағыттары, ғылыми-технологиялық болжаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ стратегиялық шешімдер қабылдауға арналған заманауи аналитикалық құралдарды енгізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жасанды интеллект платформаларын дамыту және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту бағытындағы бастамалар таныстырылды.
2026 жылғы 13 ақпанда Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтында ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Айтжанов Батырбек Досхожаұлының 70 жас мерейтойына арналған салтанатты құрмет көрсету рәсімі өтті.
Іс-шараның ақпараттық жариялануы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік ақпарат көздерінде ұсынылды:
2025 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ғылыми-тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдері, Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы туралы мазмұнды баяндамалар ұсынылды. Сонымен қатар бейнематериалдар мен көрнекі презентациялар көрсетілді.
12.12.2025 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өткен көрме аясында «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» әзірлеген отандық ғылыми-өндірістік өнімдер мен инновациялық әзірлемелер ұсынылды. Көрмеде ветеринария саласындағы: ғылыми зерттеулердің нәтижелері, диагностикалық, профилактикалық және емдік мақсаттағы отандық өнімдер таныстырылды.
2025 жылы 27–28 қараша күндері Астана қаласында «QazBioPharm» ұйымдастырған «Жаһандық қатерлер жағдайындағы биологиялық қауіпсіздік: ғылыми-технологиялық тәсілдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Қазақстан, Франция, Қытай, Ресей және Қырғызстаннан 300-ден астам маман қатысты. 2 күн ішінде 70-тен астам ғылыми баяндама тыңдалып, биологиялық қауіпсіздік, медицина, ветеринария, микробиология және фармацевтика салаларындағы өзекті мәселелер мен даму перспективалары талқыланды. Конференция аясында отандық озық әзірлемелер ұсынылды: тест-жүйелер, вакциналық платформалар, енгізуге дайын инновациялық препараттар. Іс-шара кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және ғылыми ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналып, отандық ғылымның жоғары әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.
27 қараша күні «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» базасында түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі-көрмесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» қатысып, аграрлық салаға қажетті білікті жас мамандарды тарту бағытында өз мүмкіндіктерін таныстырды. Көрме келесі білім беру бағдарламалары бойынша өтті: ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария, ветеринарлық тағам қауіпсіздігі және технологиясы, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, биотехнология.
«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС ғалымдары, 2025 жылы қазан айының 14 мен 25 күндері аралығында, Батыс Қазақстан облысының «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты аймағында, 2025-2027 жылдарға арналған 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы аясында «Қазақстандағы маралдар мен сайғақтардың ішек микробиомасын метагеномдық зерттеу: 16S рРНҚ секвенирлеу және филогенетикалық талдау» гранттық жобасы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.
2025 жылғы 26-27 қыркүйекте Өзбекстанда Самарқанд мемлекеттік ветеринария, мал шаруашылығы және биотехнология университетінде өткен "Жұқпалы аурулардың алдын алу: проблемалар және оларды шешу жолдары" халықаралық конференциясы аясында ҚазҒЗВИ ғалымдары секциялар жұмысына қатысты. Сапар барысында ҚазҒЗВИ мен Самарқанд университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2025 жылдың 27 тамызында Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерей тойын атап өтуге қатысты, ұлы ақынның мұрасын дәріптеу арқылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуді және оның мәртебесін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған, «Абай дара, Абай дана қазақта» атты іс-шаралар өтті.
2025 жылдың 15-16 мамырында Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының (ҚазҒЗВИ) құрылғанына 120 жыл толуына орай «Қазақ ветеринария ғылымына 120 жыл: биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктер мен жаңа міндеттер» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Халықаралық конференцияға жақын және алыс шет елдердің: Ресей Федерациясы, Беларусь, Грузия, Тәжікстан, АҚШ, Швейцария, Италия, Қытай, Оңтүстік Корея ғалымдары мен ветеринария мамандары қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚазҒЗВИ мерейтойына орай институт ұжымына шын жүректен жылы құттықтау сөздерін жолдады. Құттықтау сөздерін, Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Закария Күнсұлу Далтонқызы конференцияның ашылуында оқыды. 4 секциялық отырыста: Секция 1. Жануарлардың жұқпалы, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларын диагностикалау, алдын алу және емдеудің өзекті мәселелері; Секция 2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы биотехнологиялық инновациялар: зерттеулерден коммерцияландыруға дейін; Секция 3. Микроорганизмдердің молекулалық биологиясы және геномикасы: биологиялық және тағамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; Секция 4. Ветеринария ғылымындағы пәнаралық тәсілдер: тәжірибе және перспективалар 52 ауызша және 5 постерлік баяндама ұсынылды. Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының және «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ басқа да еншілес ұйымдарының жетістіктері мен ғылыми-техникалық әзірлемелерінің (вакциналар, диагностикалық және басқа да биопрепараттар), сонымен қатар отандық демеушілер – бизнес-құрылымдар өкілдерінің өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Конференция қорытындысы бойынша халықаралық конференция материалдары бойынша ғылыми мақалалардың электрондық жинағы шығарылды, оның ішінде 7 елден (ҚР, Ресей, Тәжікстан, Грузия, Беларусь, Қытай, Оңтүстік Корея) 126 мақала бар, жинақ ҚазҒЗВИ ресми сайтында «Конференция» қойындысында, «Жинақ» бөліміне орналастырылды. Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының «Құрылу және даму тарихы. Құрылғанына 120 жыл толуына орай» атты тарихи және заманауи фото иллюстрациялары бар 528 беттік мерейтойлық кітабы жарық көрді, таралымы 200 дана. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша жас ғалымдар арасынан үздік ғылыми жұмыстар мен баяндамалар үшін жеңімпаздар анықталды. Жүлделер келесі қатысушыларға табысталды: бірінші орынға ноутбук, Сеул ұлттық университетінің (Оңтүстік Корея) Ветеринариялық медицина колледжінің студентіне берілді; екінші орынға Samsung смартфон, микробиология, вирусология және иммунология институтының зертханашысына берілді (Элиава қ., Грузия); үшінші орынға смарт-сағаты 2 отандық қатысушы – Микробиология және вирусология ҒӨО” кіші ғылыми қызметкеріне, Алматы қ. және «ҚазҒЗВИ» ЖШС, Алматы қ. кіші ғылыми қызметкеріне берілді. 16 мамырда конференция аяқталғаннан кейін шетелдік қонақтарға Көк-Төбеге экскурсия және ұлттық қазақ тағамдары мейрамханасында кешкі ас ұйымдастырылды. ҚазҒЗВИ ардагерлері институтқа шақырылды, онда әрқайсысына ескерткіш медальдар мен институттың тарихы мен қалыптасуы туралы кітап табысталды. Мерейтойлық медальдар конференцияның жекелеген қонақтарына, демеушілеріне және ҚазҒЗВИ қызметкерлеріне де берілді. Отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан Қазақ ҒЗВИ қызметкерлері ведомстволық марапаттармен – Денсаулық сақтау министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ғылым және жоғары білім Министрлігінің және ҚР Ұлттық Ғылым академиясының медальдарымен, төсбелгілерімен және Құрмет грамоталарымен салтанатты түрде марапатталды. Конференция барысында Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Қытай және Оңтүстік Кореямен бірқатар халықаралық келісімдер мен меморандумдар талқыланып, қол қойылды.









































